Тасмағамбетов: ҰҚШҰ биыл жеті оқу-жаттығу өткізеді

© POOL / Медиабанкке өту Иманғали Тасмағамбетов
 Иманғали Тасмағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) биыл 7 оқу-жаттығу өткізеді, оның ішінде бірлескен "Шекара-2024" оқу-жаттығуы бар, деп хабарлады ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
"ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен штабтарының, хатшылығының және мүдделі министрліктері мен ведомстволарының стратегиялық командалық-штабтық жаттығуы, "Өзара іс-қимыл – 2024", "Мызғымас бауырластық – 2024" командалық-штабтық оқу-жаттығулары, "Іздеу – 2024", "Эшелон – 2024", "Жартас – 2024", "Кобальт – 2024" арнайы оқу-жаттығулары, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей аумағында "Шекара– 2024" бірлескен оқу-жаттығулары жоспарлануда. Бұл ұйым жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру аясындағы жаттығулардың дәлелденген форматтары", - деді Тасмағамбетов "Ұлттық қорғаныс" журналына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, аталған бағыттардағы барлық іс-шара 2024 жылға арналған ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару және қалыптастыру органдары мен құрамаларын бірлесіп даярлау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жоспарды ұйымның тиісті жарғылық органдары – қорғаныс министрлері кеңесі мен қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті бекітті.
ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
ҰҚШҰ символикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2024
Тасмағамбетов лаңкестікке қарсы күрес құралдарын әзірлеуге шақырды
Жаңалықтар
0