https://sputnik.kz/20240328/sim-kartanyzdyn-zharamdylyq-merzimi-otken-pavlodarda-alayaqtyqtyn-zhana-turi-payda-boldy-43245644.html
"SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі өткен": Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
"SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі өткен": Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар осы код арқылы жеке деректерге қол жеткізеді 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T11:20+0500
2024-03-28T11:20+0500
2024-03-28T11:22+0500
павлодар облысы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17400516_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_7d19d1fe2a09ea359100b13d85bf079b.jpg
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Павлодар облысының полициясы тұрғындарды SIM-карталардың жарамдылық мерзімі өткені туралы хабарлайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz. Жақында полицияға осындай алаяққа алданып, жеке деректері қолды болған азамат хабарласқан. Өзін ұялы байланыс операторы деп таныстырған адам тұрғынның SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы хабардар еткен. Смс-код арқылы мерзімді ұзартуды ұсынған. Қоңырау шалушыға сеніп, азамат кодты енгізген. Алаяқтар осы код арқылы оның жеке деректеріне қол жеткізген және оның атына несие рәсімдеген.Полицияның мәліметінше, осындай алаяқтықтардан қорғану үшін SIM-картаның статусын нақтылау мақсатында ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне тікелей хабарласу керек.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17400516_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_dbf5549d5dd5dc0d8c4a8447bc57bf5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, алаяқтық
павлодар облысы, алаяқтық
"SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі өткен": Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
11:20 28.03.2024 (жаңартылды: 11:22 28.03.2024) Алаяқтар осы код арқылы жеке деректерге қол жеткізеді
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Павлодар облысының полициясы тұрғындарды SIM-карталардың жарамдылық мерзімі өткені туралы хабарлайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында полицияға осындай алаяққа алданып, жеке деректері қолды болған азамат хабарласқан. Өзін ұялы байланыс операторы деп таныстырған адам тұрғынның SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы хабардар еткен. Смс-код арқылы мерзімді ұзартуды ұсынған. Қоңырау шалушыға сеніп, азамат кодты енгізген. Алаяқтар осы код арқылы оның жеке деректеріне қол жеткізген және оның атына несие рәсімдеген.
"Сондықтан азаматтардың сақтық танытуы және мұндай қоңырауларға сенбеуі өте маңызды. Егер сіз қоңырау шалушыға сенімді болмасаңыз, ешқашан жеке деректерді бермеуіңіз және телефон арқылы алынған кодтарды енгізбеуіңіз керек. Күдік туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет", - дейді криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.
Полицияның мәліметінше, осындай алаяқтықтардан қорғану үшін SIM-картаның статусын нақтылау мақсатында ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне тікелей хабарласу керек.