https://sputnik.kz/20240328/si-tszinpin-shildede-qazaqstanga-memlekettik-saparmen-keledi-43255928.html
Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Си Цзиньпинмен Бейжіңдегі кездесуін ерекше ықыласпен еске алатынын айтты 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T15:40+0500
2024-03-28T15:40+0500
2024-03-28T15:42+0500
қасым-жомарт тоқаев
си цзиньпин
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/11/39403517_0:30:1280:750_1920x0_80_0_0_9aa63bb4caebb800caf859d4ff5dcd2a.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шілде айының басында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде мәлімдеді."Төраға Си Цзиньпинге жылы лебізімді жолдағым келеді. Оның шілде айының басында Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтеміз. Төраға Си Цзиньпиннің дана басшылығымен қолға алынған маңызды бастамалардың бәрі толықтай жүзеге асатынына сенімдіміз", – деп АқордаТоқаевтың сөзінен үзінді келтірді.Ол Қазақстан Си Цзиньпиннің елдеріміз арасындағы тату көршілік, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық қатынастарды және мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.Мемлекет басшысы Қытаймен арадағы достық пен ынтымақтастықты нығайту біз үшін негізгі басымдық саналатынын айтты."Жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында Үкіметтің барлық ведомствосын ҚХР-дың тиісті мемлекеттік ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге бағыттаймыз", – деді президент.Келіссөз барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары жан-жақты талқыланды, сондай-ақ көлік, өнеркәсіп, туризм және басқа да салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қарастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/11/39403517_121:0:1160:779_1920x0_80_0_0_c9110b7d6ab8d3a1d276131bb8a1c787.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, си цзиньпин
қасым-жомарт тоқаев, си цзиньпин
Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
15:40 28.03.2024 (жаңартылды: 15:42 28.03.2024) Тоқаев Си Цзиньпинмен Бейжіңдегі кездесуін ерекше ықыласпен еске алатынын айтты
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шілде айының басында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде мәлімдеді.
"Төраға Си Цзиньпинге жылы лебізімді жолдағым келеді. Оның шілде айының басында Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтеміз. Төраға Си Цзиньпиннің дана басшылығымен қолға алынған маңызды бастамалардың бәрі толықтай жүзеге асатынына сенімдіміз", – деп АқордаТоқаевтың сөзінен үзінді келтірді.
Ол Қазақстан Си Цзиньпиннің елдеріміз арасындағы тату көршілік, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық қатынастарды және мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Бірлескен күш-жігердің арқасында барлық бағыт бойынша тиімді мемлекетаралық ықпалдастықты жолға қойдық. Си Цзиньпин мырзамен Бейжіңдегі кездесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Менің ойымша, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және әртараптандыруға бағытталған күш-жігеріміз өз жемісін береді, – деп толықтырды президент.
Мемлекет басшысы Қытаймен арадағы достық пен ынтымақтастықты нығайту біз үшін негізгі басымдық саналатынын айтты.
"Жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында Үкіметтің барлық ведомствосын ҚХР-дың тиісті мемлекеттік ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге бағыттаймыз", – деді президент.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары жан-жақты талқыланды, сондай-ақ көлік, өнеркәсіп, туризм және басқа да салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қарастырылды.