Сезім, махаббат, табиғат: Алматыда "Қазақстан графикасы" көрмесі өтті - фото
Түнгі аймен сырласқан қос бейне. Бұл - қазақ өнерінің қайраткері Марлан Нысанбаевтың "Алғашқы кездесу" картинасы.
"Менің бірінші әйелім 14 жыл бұрын өмірден озды. Оның көзі тірісінде мен бизнесте болғанмын. Сурет өнеріне оралғаныма 7 жыл болды. Қазіргі жолдасыммен бес жыл бұрын табыстым. Жұбайым "Неге біз ең болмаса осыдан 10 жыл бұрын кездеспедік" деп армандайды. "Алғашқы кездесу" картинасы содан туған қиял десем де болады. Екінші жолдасыммен жас кезімдегі кездесуді бейнеледім", - дейді Марлан Нысанбаев.

Ал екінші сыныпта ауруханаға түсіп, жаны аласұрып, қолына алғаш қарындаш ұстаған суретші, бүгінде мәдениет саласының үздігі Қали Қорлабаев көрмеге екі картинасын әкелген. Соның бірі – "Махаббат бағы" картинасы.
"Ер мен әйел арасындағы сезімді бейнеледім. Өйткені жер бетіндегі барлық тіршілік тікелей табиғатқа байланысты. Осы картина арқылы мен табиғат, ер мен әйелді ұштастырдым", - дейді Қали Қорлабаев.

Ал мына картина тіпті қызық. Мұны суретші газет пен журнал қиындыларынан жинақтап жасаған. Автор Бердалы Оспановтың айтуынша, фото табу үшін жиналған газет-журнал қиындысында сан жоқ.
"Бұл "Жетіген блюз" деп аталатын картина. Картина бүкіл дүниенің сапырылысып жатқаны бейнеленген. Әр қиындыда адамның өмірінің терең тұсын көруге болады", - дейді Бердалы Оспанов.

"Студиялық деректеме" картинасы. Авторы Виктор Гуранда.
"Менің жеке қорымда өте көп жәдігерлер бар. Елдің керексіз, сонау ежелден қалып қойған заттарын жинап аламын да, солардан осындай картиналар жасаймын. Ол заманғы заттардың өзі тұнып тұрған тарих. Әрбір жәдігер арқылы адамның болмысын, өмірін көруге болады", - дейді Виктор Грунда.