Қостанай облысында су басқан аймақтарға Ұлттық ұланның сарбаздары көмекке барды

© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіСу басқан аймақтарға Ұлттық ұланның сарбаздары көмекке барды
Су басқан аймақтарға Ұлттық ұланның сарбаздары көмекке барды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Қауіп төнген аудандарды нығайту үшін 500-ден астам құм толтырылған қап дайындалды
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында қызыл су басып, сел болған ауылдарға көмекке Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің сарбаздары барды.
Олар Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жедел мақсаттағы бірінші батальонның күшімен қауіп төнген аудандарды нығайту үшін 500-ден астам құм толтырылған қап дайындалды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
"25-тен астам техника жұмылдырылды. Ең қауіпті учаскелерде құрғақ аумақтардың шекарасын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жиналған суды ағызу үшін жыралар жасалып жатыр. Бұл саяжайлар мен жолдарды су басудың алдын алу үшін қажет", - дейді жедел мақсаттағы рота командирінің орынбасары лейтенант Әлішер Қайролдинов.
Тағы бір айта кететін жайт, үздіксіз жұмыстардың нәтижесінде облыс орталғындағы тұрғын үйлер орналасқан аймақтарда су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылған. Қазіргі уақытта қаланы су басу қаупі жоқ.
Жаңалықтар
0