Қазақстанның көші-қон заңнамасын қай елдің азаматтары жиі бұзады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуГраница между Кыргызстаном и Казахстаном
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін мың шетелдік елден шығарылған
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9800 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Оның 1000-ы шығарылды. Қазақстанның көші-қон заңнамасын көбінесе Өзбекстан азаматтары бұзады, негізінен бұл елде болу мерзімін бұзу", - дейді Лепеха сенат кулуарында.
Айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға Өзбекстанның 1,73 миллион азаматы кірген, ал 982 000 азаматы шыққан.
"Иә, елімізге келушілер саны жағынан Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Мәселен, былтыр 5,373 млн адам кіріп, оның 411 мыңы уақытша есепке қойылды, соның ішінде 367 мыңы жұмыс істейді", - деді ІІМ басшысының орынбасары.
Лепеха Өзбекстан азаматтары негізінен Қазақстан арқылы көрші елдерге кететінін атап өтті.
ІІМ ақпаратына сүйенсек, Қазақстандағы мигранттар бойынша ТОП-5 елдің қатарына Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай кіреді.
Жаңалықтар
0