https://sputnik.kz/20240328/qazaqstanda-tauarlardy-qayta-eksporttaytyn-kompaniyalar-zhoq--ministrlik-43261189.html
Қазақстанда тауарларды қайта экспорттайтын компаниялар жоқ – министрлік
Қазақстанда тауарларды қайта экспорттайтын компаниялар жоқ – министрлік
Sputnik Қазақстан
Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға байланысты ықтимал тәуекелдерді қадағалап отыр 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T17:41+0500
2024-03-28T17:41+0500
2024-03-28T17:41+0500
ресей
санкция
https://sputnik.kz/img/735/30/7353037_0:317:6016:3701_1920x0_80_0_0_bdb0a8d73a4ccc84434279302c862b54.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Үкімет жанындағы жұмыс тобы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Қазақстан үшін ықтимал тәуекелдерге мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлады сауда министрінің орынбасары Қайрат Төребаев.Ол жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары жетекшілік ететінін айтты.Қазақстанда қос мақсаттағы тауарларды қайта экспорттайтын компаниялардың тізілімі бар ма? Журналистер сенаттағы брифингте Төребаевқа осындай сұрақ қойды.Қазақстанда "мұндай тауарларды" қайта экспорттайтын компаниялар жоқ, деп сендірді Төребаев.Еске салайық, бұған дейін ЕО "Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін қолдайтын" және "сауда шектеулерін айналып өтуге қатысатын" компаниялардың тізімін жариялады.Санкцияға ұшыраған барлық компания "Ресей әскери-өнеркәсіптік кешені үшін электронды компоненттерді сатады" деп айтылған.Еуроодақ бекіткен Ресейге қарсы санкциялардың 13-ші пакетіне Қытайдан төрт компания, сондай-ақ Қазақстан, Үндістан, Шри-Ланка, Сербия, Таиланд және Түркиядан бір кәсіпорын кірді.Бұл ретте Халықаралық валюта қорының өкілі Джули Козак Батыстың ауқымды санкциялары аясында Ресей экономикасы өзінің жоғары өсу қарқынымен таңғалдырды деп мәлімдеді.Қаңтардағы есебінде ХВҚ 2024 жылға арналған Ресей экономикасының өсу болжамын айтарлықтай арттырды – 2,6%-ға дейін. Көрсеткіш 2023 жылдың қазан айындағы алдыңғы бағалаумен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа жоғары көтерілді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/30/7353037_331:0:5686:4016_1920x0_80_0_0_d7b2982e53a656e46616ab695fe0466e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, санкция
Қазақстанда тауарларды қайта экспорттайтын компаниялар жоқ – министрлік
Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға байланысты ықтимал тәуекелдерді қадағалап отыр
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Үкімет жанындағы жұмыс тобы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Қазақстан үшін ықтимал тәуекелдерге мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлады сауда министрінің орынбасары Қайрат Төребаев.
Ол жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары жетекшілік ететінін айтты.
Қазақстанда қос мақсаттағы тауарларды қайта экспорттайтын компаниялардың тізілімі бар ма? Журналистер сенаттағы брифингте Төребаевқа осындай сұрақ қойды.
"Белгілі бір айыптаулар бар, бірақ мемлекеттерден емес, Батыс елдеріндегі жеке тұлғалардан айыптаулар бар және бұл баспасөзде жариялануда. Диалог жүргізіліп жатқан мемлекеттердің ресми ұстанымы: Қазақстанның қайта экспорттау жүргізетіні туралы ақпарат жоқ. Өздеріңіз білесіздер, біздің үкіметтің жанында Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Қазақстан үшін ықтимал тәуекелдерді толық қадағалайтын жұмыс тобы бар және оны премьер-министрдің орынбасары басқарады" , - деп мәлімдеді Төребаев.
Қазақстанда "мұндай тауарларды" қайта экспорттайтын компаниялар жоқ, деп сендірді Төребаев.
Еске салайық, бұған дейін ЕО "Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін қолдайтын" және "сауда шектеулерін айналып өтуге қатысатын" компаниялардың тізімін жариялады.
Санкцияға ұшыраған барлық компания "Ресей әскери-өнеркәсіптік кешені үшін электронды компоненттерді сатады" деп айтылған.
Еуроодақ бекіткен Ресейге қарсы санкциялардың 13-ші пакетіне Қытайдан төрт компания, сондай-ақ Қазақстан, Үндістан, Шри-Ланка, Сербия, Таиланд және Түркиядан бір кәсіпорын кірді.
Бұл ретте Халықаралық валюта қорының өкілі Джули Козак Батыстың ауқымды санкциялары аясында Ресей экономикасы өзінің жоғары өсу қарқынымен таңғалдырды деп мәлімдеді.
Қаңтардағы есебінде ХВҚ 2024 жылға арналған Ресей экономикасының өсу болжамын айтарлықтай арттырды – 2,6%-ға дейін. Көрсеткіш 2023 жылдың қазан айындағы алдыңғы бағалаумен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа жоғары көтерілді.