Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО Шығыс Еуропада Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатыр - РФ сыртқы істер министрлігі

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Сонымен қатар, министрліктегілер Шығыс Еуропа мен Қара теңіз аймағын милитаризациялаудың мысалы ретінде румын авиабазасының кеңеюін атады
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. НАТО-ның Шығыс Еуропа мен Қара теңіз аймағындағы іс-әрекеті Мәскеумен ықтимал қақтығысқа дайындалуға бағытталған, деп хабарлады РИА Новостиге РФ СІМ.
Ведомстводағылар блоктың Румыния, Польша және Балтық жағалауы елдеріндегі әскери әлеуетінің нығайғанын айтты. Мұндай әрекеттер арандатушылық сипатқа ие, Ресей шекарасының периметрі бойынша әскери шиеленісті күшейтіп, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
"Мұның бәрі блок бойынша одақтастарды біздің елмен ықтимал қақтығысқа дайындауға бағытталған", - деп мәлімдеді министрліктегілер.
Сонымен қатар, министрліктегілер Шығыс Еуропа мен Қара теңіз аймағын милитаризациялаудың мысалы ретінде румын авиабазасының кеңеюін атады.
Румыния билігі бұған дейін Констанца уезіндегі "Михаил Когэлничану" авиабазасын жаңғыртуға 2,5 миллиард еуро инвестициялауға уәде берген. Сондай-ақ он мың жауынгер мен олардың отбасын сыйдыра алатын әскери қалашық болады. TVR Info телеарнасы модернизациялау 2040 жылға қарай базаны НАТО-ның Еуропадағы ең ірі нысанына айналдыруға мүмкіндік беретінін хабарлады. АҚШ армиясы әуе базасын 1999 жылдан бері пайдаланып келеді.
Сыртқы істер министрлігі Румынияның әрекеттерін қадағалап, туындайтын қауіптерді бағалауға және оларды әскери жоспарлауда ескеруге уәде берді.
Мәскеу Солтүстік Атлантикалық альянстың текетіреске бағытталғанын және оның одан әрі кеңеюі Еуропаға қауіпсіздік әкелмейтінін бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен бірге Кремль Ресейдің одақтағы елдердің ешқайсысына қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне ықтимал қауіпті әрекеттерді де назардан тыс қалдырмайтынын баса айтты.
Жаңалықтар
0