Елдің бірқатар өңірін су басып жатыр: құтқару жұмыстары түнде де тоқтаған жоқ

© Photo : Акимат Актюбинской областиПротивопаводковые мероприятия
Противопаводковые мероприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
Қостанай облысы Арқалық қаласының маңындағы қыстақтардың тұрғындары эвакуацияланды
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. ТЖМ басшылығы тәулік бойы құтқару жұмыстарын, жеке құрам мен техниканың маневрлерін үйлестіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Облыс әкімдерімен, ҚМ, ІІМ және ҚР ҰҚК бірінші басшыларымен тікелей байланыс орнатылды.
Төтенше жағдайлар министрдігінің хабарлауынша, Қостанай облысы Арқалық қаласының маңындағы қыстақтардың тұрғындары эвакуацияланды.
Оларды елдімекеннен шығару үшін ҰҚК авиациялық қызметіне жүгінуге тура келді.
Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.
ТЖМ күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді. Күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді. Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар. Қазіргі уақытта рейстер жаңартылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Қостанай облысының Арқалық қаласына ШҚО ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылардың жедел тобы жүзу құралдарымен, сүңгуірлік жабдықтармен, су өткізбейтін костюмдермен, құтқару кеудешелерімен, радиостанциялармен, "Шерп" роверімен, сондай-ақ "Вахта" Камаз автокөлігімен жабдықталған.
Осы түні қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін тасымалдауды жүзеге асырады. Қосымша күштер Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жоюға бағытталады.
Жаңалықтар
0