https://sputnik.kz/20240328/bunyn-barlygy---aziya-renessansy--toqaevty-khaynandagy-forumda-soz-soyledi-43241736.html
"Бұның барлығы - "Азия ренессансы": Тоқаевты Хайнаньдағы форумда сөз сөйледі
"Бұның барлығы - "Азия ренессансы": Тоқаевты Хайнаньдағы форумда сөз сөйледі
Sputnik Қазақстан
Тоқаев өз сөзінде Азияның қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T09:17+0500
2024-03-28T09:17+0500
2024-03-28T09:17+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
форум
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43239338_0:52:1280:772_1920x0_80_0_0_c4b975347c848e35da7e76438c019de9.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.Форум жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтіп тұрады. Биылғы 23-ші басқосу "Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік" тақырыбына арналап отыр. Ал Қазақстан президенті оған құрметті қонақ ретінде шақырылды. Тоқаев өз сөзінде Азияның қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті.Сондай-ақ бұл аймақта патенттік әзірлемелердің 70 пайызына иелік ететін әлемнің жетекші технологиялық орталықтары бар. Құрлық айтарлықтай адами ресурсқа ие."Әлемдегі ірі 30 қаланың 21-і Азия құрлығында орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың тұтыну көлемінің өсімі 30 триллион доллар болмақ. Болжам бойынша оның 1 триллион доллары ғана батыс экономикасына тиесілі. Осы факторлардың барлығы мұның "Азия ренессансы" екенін көрсетеді", – деп атап көрсетті Тоқаев.Оның айтуынша, алдағы жылдары жаһандық өсім мен дамуды ынталандыру ісін жалғастыру үшін Азия өңірінің мол әлеуеті бар.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43239338_92:0:1189:823_1920x0_80_0_0_b70bd6f78da376c9ef94c681d87358dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай, форум
қасым-жомарт тоқаев, қытай, форум
"Бұның барлығы - "Азия ренессансы": Тоқаевты Хайнаньдағы форумда сөз сөйледі
Тоқаев өз сөзінде Азияның қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Форум жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтіп тұрады. Биылғы 23-ші басқосу "Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік" тақырыбына арналап отыр. Ал Қазақстан президенті оған құрметті қонақ ретінде шақырылды. Тоқаев өз сөзінде Азияның қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті.
"Биыл Азия елдері әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз өсіміне қол жеткізеді деген болжам жасалып отыр. Дүниежүзілік сауданың 53 пайызы осы құрлықтың үлесіне тиесілі. Мұнда әлемнің ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалары орналасқан. Соңғы жылдары Азияға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі едәуір ұлғайды", - деді ол.
Сондай-ақ бұл аймақта патенттік әзірлемелердің 70 пайызына иелік ететін әлемнің жетекші технологиялық орталықтары бар. Құрлық айтарлықтай адами ресурсқа ие.
"Әлемдегі ірі 30 қаланың 21-і Азия құрлығында орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың тұтыну көлемінің өсімі 30 триллион доллар болмақ. Болжам бойынша оның 1 триллион доллары ғана батыс экономикасына тиесілі. Осы факторлардың барлығы мұның "Азия ренессансы" екенін көрсетеді", – деп атап көрсетті Тоқаев.
Оның айтуынша, алдағы жылдары жаһандық өсім мен дамуды ынталандыру ісін жалғастыру үшін Азия өңірінің мол әлеуеті бар.