https://sputnik.kz/20240328/almatylyqtarga-iri-kolemde-ayyppul-salynuy-mumkin-43245498.html
Алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін
Алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T10:58+0500
2024-03-28T10:58+0500
2024-03-28T10:58+0500
алматы
жауын
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e6/04/03/23924420_0:285:741:701_1920x0_80_0_0_2176aefb4da67bde0466a574293466c7.jpg
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда 28-30 наурыз аралығында жаңбыр жауады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.Коммуналдық қызметтер жауын-шашынға алдын ала дайындалып, арықтарды тазартып жатыр. 27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды. Әкімдіктің мәліметінше, барлық арық желісі тазартылған.Айта кету керек, аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 20 АЕК (2024 жылы бұл 73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.Әкімдік жауын-шашын кезеңінде су тасқынының алдын алу үшін мотопомпалармен және суды тереңдету құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді топ кезекшілікте болатынын айтты. 2 мың құм салынған қап дайындалды. Аудан әкімдіктері жұмыс барысын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/03/23924420_0:215:741:770_1920x0_80_0_0_9bb9f4c7bab16eeac9a3577fa67ed31a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жауын, су тасқыны
алматы, жауын, су тасқыны
Алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін
27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда 28-30 наурыз аралығында жаңбыр жауады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Коммуналдық қызметтер жауын-шашынға алдын ала дайындалып, арықтарды тазартып жатыр. 27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды. Әкімдіктің мәліметінше, барлық арық желісі тазартылған.
"Су тасқынының алдын алу үшін азаматтардан арықтарды, ағынды су арналары мен каналдарға қоқыс тастамауларын сұраймыз. Сонымен қатар, мұндай әрекетке барғандар Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (ӘҚБтК) 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Айта кету керек, аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 20 АЕК (2024 жылы бұл 73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Әкімдік жауын-шашын кезеңінде су тасқынының алдын алу үшін мотопомпалармен және суды тереңдету құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді топ кезекшілікте болатынын айтты. 2 мың құм салынған қап дайындалды. Аудан әкімдіктері жұмыс барысын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады.