Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

© SputnikАлматы әуежайындағы кешіктірілген рейстің жолаушылары
Алматы әуежайындағы кешіктірілген рейстің жолаушылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайы.
"Қолайсыз ауа райына (жаңбыр, дауыл, 30 м/с дейін екпінді жел) байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр. Түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Әуежайдың барлық қызметі 24/7 күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, Алматыны шаңды дауыл басып, артынан найзағай ойнап, жаңбыр жауды
Қалада ұзын-сонар кептеліс пайда болды.
© Sputnik/Ертай СарбасовКөліктің үстіне ағаш құлады
Дерево упало на автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Көліктің үстіне ағаш құлады
Қатты жел ағаштарды құлатты. Сондай жағдайдың бірін Sputnik Қазақстан фототілшісі түсіріп алды.
ТЖ департаменті күшейтілген режимге, жоғары дайындық жағдайына көшті, деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтар
0