https://sputnik.kz/20240328/1-sauirde-birinshi-synypqa-quzhat-qabyldau-bastalady-43242312.html
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
Sputnik Қазақстан
Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T09:52+0500
2024-03-28T09:52+0500
2024-03-28T09:52+0500
оқушы
бірінші сынып
https://sputnik.kz/img/07e5/09/01/18005323_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_b08dc6795a1c9de6cb2bbd83be0a0b5a.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/01/18005323_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_e0a9ac0b173b05cda5cc13d47e25ca3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, бірінші сынып
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған",- деп атап өтті орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.