https://sputnik.kz/20240327/ukraina-askeri-komissariaty-mobilizatsiyalau-kezindegi-mazhburli-arekettin-sebebin-tusindirdi-43228741.html
Украина әскери комиссариаты мобилизациялау кезіндегі мәжбүрлі әрекеттің себебін түсіндірді
Украина әскери комиссариаты мобилизациялау кезіндегі мәжбүрлі әрекеттің себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Кей өңірлерде мобилизациялау жоспары толық орындалмай жатыр 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T18:07+0500
2024-03-27T18:07+0500
2024-03-27T18:07+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41340667_0:331:3053:2048_1920x0_80_0_0_96b8b06f02face32c2ebf7efb898d459.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Украинадағы әскери комиссариаттардың қызметкерлері Украина қарулы күштерінің қатарын толықтыру үшін әскери борышын өтеуге міндетті адамдарды көшеде ұстауға мәжбүр, деп хабарлады Ивано-Франковск облыстық әскери комиссариаты басшысының орынбасары Роман Боднар.Ол Ивано-Франковск облысында мобилизациялау жоспары толық орындалмай жатқанын мойындады."Қиындықтар бар, ең бастысы - қоғамның біздің жұмысымызды бұрмалауы. Әскерге шақырумен айналысатын мекемелердің беделін түсіретін күшті ақпараттық науқан жалғасып жатыр", - деді Боднар.Бірқатар украиналық БАҚ 2023 жылдың соңында елде әскерге шақырылғандарды ұстап әкетіп жатқаны туралы хабарлады. Бұл үшін тіпті жедел жәрдем көліктері де пайдаланылғаны айтылды. Украина әскерилері қоғамдық орындарда шақыру қағазын беру фактілерінің көбеюіне азаматтардың әскери комиссариат қызметкерлерімен үйде сөйлесуді қаламауы себеп екенін түсіндірді. Сонымен қатар, БАҚ ел тұрғындарының жұмыс орнында шақыру қағазын алудан қорқып, ресми жұмысқа орналасудан жалтаратынын хабарлады.Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді. Келесі күні Владимир Зеленский жалпыға ортақ мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынды.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/03/41340667_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_24848f9766d082b1dc0364ce85df69e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
Украина әскери комиссариаты мобилизациялау кезіндегі мәжбүрлі әрекеттің себебін түсіндірді
Кей өңірлерде мобилизациялау жоспары толық орындалмай жатыр
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Украинадағы әскери комиссариаттардың қызметкерлері Украина қарулы күштерінің қатарын толықтыру үшін әскери борышын өтеуге міндетті адамдарды көшеде ұстауға мәжбүр, деп хабарлады Ивано-Франковск облыстық әскери комиссариаты басшысының орынбасары Роман Боднар.
"Заң бойынша әскери міндеттілерді хабардар етуге міндетті жергілікті мемлекеттік органдар бұл тапсырманы орындамай, кейде ашықтан-ашық іріткі салады. Қазіргі уақытта алдыңғы шепте жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқан бөлімшелерді толықтыру үшін біз көшеге шығып, өз күшімізбен хабарландыру шараларын орындауға мәжбүрміз", - деді Боднар украиналық "Западный курьер" басылымына берген сұхбатында.
Ол Ивано-Франковск облысында мобилизациялау жоспары толық орындалмай жатқанын мойындады.
"Қиындықтар бар, ең бастысы - қоғамның біздің жұмысымызды бұрмалауы. Әскерге шақырумен айналысатын мекемелердің беделін түсіретін күшті ақпараттық науқан жалғасып жатыр", - деді Боднар.
Бірқатар украиналық БАҚ 2023 жылдың соңында елде әскерге шақырылғандарды ұстап әкетіп жатқаны туралы хабарлады. Бұл үшін тіпті жедел жәрдем көліктері де пайдаланылғаны айтылды. Украина әскерилері қоғамдық орындарда шақыру қағазын беру фактілерінің көбеюіне азаматтардың әскери комиссариат қызметкерлерімен үйде сөйлесуді қаламауы себеп екенін түсіндірді. Сонымен қатар, БАҚ ел тұрғындарының жұмыс орнында шақыру қағазын алудан қорқып, ресми жұмысқа орналасудан жалтаратынын хабарлады.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді. Келесі күні Владимир Зеленский жалпыға ортақ мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан кетуіне тыйым салынды.