https://sputnik.kz/20240327/su-tasqyny-qaruly-kushterdin-askeri-qyzmetshileri-oralga-komekke-keldi-43233506.html
Су тасқыны: Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға көмекке келді
Су тасқыны: Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға көмекке келді
Sputnik Қазақстан
Қардың еруі мен нөсер жаңбыр салдарынан облыс орталығының бірқатар ауданын су басу қаупі туындап отыр 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T22:10+0500
2024-03-27T22:10+0500
2024-03-27T22:10+0500
орал
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43232879_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_e60d5ccd5b4b9d30601b703c950d64cd.jpg
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жүзден аса әскери қызметшісі су басуға қарсы жұмыс жүргізу үшін Орал қаласына келді.Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде су тасқынына қарсы жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан, қардың еруі мен нөсер жаңбыр салдарынан облыс орталығының бірқатар ауданын су басу қаупі туындап отыр.Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің әскерилері бір тәулік ішінде тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды су басудан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды, бұл су ағындарын алдын алуға көмектеседі.Бригаданың жеке құрамы ауысыммен жұмыс істеуде және шаруашылық объектілері мен азаматтардың мүлкіне залал келтірмеудің бар амалы қарастырылып жатыр.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43232879_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_af3756fbd2063bc37b3ef1f1b424ff21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, су тасқыны
Су тасқыны: Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға көмекке келді
Қардың еруі мен нөсер жаңбыр салдарынан облыс орталығының бірқатар ауданын су басу қаупі туындап отыр
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жүзден аса әскери қызметшісі су басуға қарсы жұмыс жүргізу үшін Орал қаласына келді.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде су тасқынына қарсы жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан, қардың еруі мен нөсер жаңбыр салдарынан облыс орталығының бірқатар ауданын су басу қаупі туындап отыр.
Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің әскерилері бір тәулік ішінде тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды су басудан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды, бұл су ағындарын алдын алуға көмектеседі.
Бригаданың жеке құрамы ауысыммен жұмыс істеуде және шаруашылық объектілері мен азаматтардың мүлкіне залал келтірмеудің бар амалы қарастырылып жатыр.