Ресейден Қазақстанға экспортталған электр энергиясы бірінші тоқсанда 20%-ке өсті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЛинии электропередач
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
2024 жылдың бірінші тоқсанында Ресейден Қазақстан мен Моңғолияға электр энергиясы экспорты айтарлықтай өсім көрсетті
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Ресейден Қазақстанға электр энергиясы экспорты 2024 жылдың бірінші тоқсанында жылдық мәнде 20%-ке өсті. Бұл ретте Моңғолияға экспорт рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды РИА Новости "Интер РАО" басқарма мүшесі Александра Панинаға сілтеме жасап.
Бұл туралы ол "Атомэкспо 2024" конференциясы аясында бірінші тоқсандағы электр энергиясы экспортының болжамды нәтижелері туралы журналистерге түсініктеме беру кезінде айтты.
"Жақсы бағыттар бар. Қазақстанға біз былтырғыдан жеткізуді 20%-ке арттырдық. Қырғызстанды да атауға болады, өйткені біз өткен жылдың бірінші тоқсанында мұнда жеткізбеген едік. Қазір бірінші тоқсанда рекордтарды жаңартып жатқан Моңғолия да бар", - деді Панина.
Ол сондай-ақ Қытайға жеткізілімдердің қысқаруына байланысты "Интер РАО-ның" электр қуатын экспорттау көлемі төмендеп жатқанын айтты. Дегенмен, басқа салаларда компания шекті пайда бойынша бизнес-жоспарды асыра орындап жатыр.
Замена старых электросчетчиков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Қазақстанда су, жылу және электр энергиясын тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізіледі
Жаңалықтар
0