https://sputnik.kz/20240327/pavlodarda-balabaqsha-direktory-men-bukhgalteri-sottaldy-43209796.html
Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтері сотталды
Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтері сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар жеті жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T10:55+0500
2024-03-27T10:55+0500
2024-03-27T10:55+0500
балабақша
мектеп директоры
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтер балаларға арналған 63 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.62 жастағы әйел зейнетке шықса да, бөбекжайдың директоры болып істеген. Бухгалтер екеуі жеті жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған.Тергеу материалдарына сәйкес, балабақша басшылығы бірнеше штаттық қызметті бекітіп, жалақының үстінен тағы ақша қосып отырған. Зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарналарын да төлеген.Сот шешімімен балабақша директоры мен бухгалтері жеті жылға бас бостандығынан айырылды.Қазіргі кезде зейнеткер әйел Абай облысындағы № 23 түзеу мекемесінің карантиндік бөлімінде отыр. Өз ісіне өкініп, ұрлаған ақшаның жартысын қайтарды. Енді жұмысқа тұрып, жақындарына көмектесіп, артылған ақшаны талап арызды төлеуге жұмсамақ.Ал бухгалтер үшін жазаны өтеу мерзімі бес жылға шегерілді. Себебі асырауында бес жасар қызы бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, мектеп директоры
балабақша, мектеп директоры
Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтері сотталды
Олар жеті жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Павлодарда балабақша директоры мен бухгалтер балаларға арналған 63 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 62 жастағы әйел зейнетке шықса да, бөбекжайдың директоры болып істеген. Бухгалтер екеуі жеті жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған.
Тергеу материалдарына сәйкес, балабақша басшылығы бірнеше штаттық қызметті бекітіп, жалақының үстінен тағы ақша қосып отырған. Зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарналарын да төлеген.
Сот шешімімен балабақша директоры мен бухгалтері жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазіргі кезде зейнеткер әйел Абай облысындағы № 23 түзеу мекемесінің карантиндік бөлімінде отыр. Өз ісіне өкініп, ұрлаған ақшаның жартысын қайтарды. Енді жұмысқа тұрып, жақындарына көмектесіп, артылған ақшаны талап арызды төлеуге жұмсамақ.
Ал бухгалтер үшін жазаны өтеу мерзімі бес жылға шегерілді. Себебі асырауында бес жасар қызы бар.