https://sputnik.kz/20240327/oral-qalasynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy-43232277.html
Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды
Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды
Sputnik Қазақстан
Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстар БҚО-ның барлық аудандарында күшейтілген режимде жүріп жатыр 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T20:49+0500
2024-03-27T20:49+0500
2024-03-27T20:49+0500
орал
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33682802_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_6fb43afa0f78a173d05a38b4d1644fe3.jpg
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Орал қаласында қызыл су басып, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі.Орал қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.Кәріз желілеріндегі апаттардың алдын алу және іргелес ғимараттарды су басудан сақтау үшін коммуналдық қызметтер үйлерге берілетін су қысымын төмендетті.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының Зачаганск кентіндегі су басқан шағын аудандарды, Саратов тас жолындағы су арнасы жүйесін, сондай-ақ Орал қаласының ескі орталығының көшелерін аралады.Өңір басшысы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық қызметтер саласының мамандарына еріген қар мен жаңбыр суын дер кезінде сорып алуды, құм салынған қаптарды төсеуді, сондай-ақ су арналары мен құбырларды тазалауды тапсырды.Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстар БҚО-ның барлық аудандарында күшейтілген режимде жүріп жатыр.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33682802_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_942423b4dbcdb8149eb9de21b1fea453.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, су тасқыны
Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды
Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстар БҚО-ның барлық аудандарында күшейтілген режимде жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Орал қаласында қызыл су басып, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі.
Орал қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.
"Соңғы мәліметтер бойынша, облыс орталығында 20 тұрғын үй, үш әлеуметтік нысан мен бес көпқабатты үйдің жертөлелері су басқан. Соңғы аптада жергілікті байланыс орталықтарына мыңнан астам қоңырау түсті. Қазір өңірде су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді жүргізілуде. Оларға барлық коммуналдық қызметтер тартылды", - дейді ведомстводағылар.
Кәріз желілеріндегі апаттардың алдын алу және іргелес ғимараттарды су басудан сақтау үшін коммуналдық қызметтер үйлерге берілетін су қысымын төмендетті.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының Зачаганск кентіндегі су басқан шағын аудандарды, Саратов тас жолындағы су арнасы жүйесін, сондай-ақ Орал қаласының ескі орталығының көшелерін аралады.
Өңір басшысы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық қызметтер саласының мамандарына еріген қар мен жаңбыр суын дер кезінде сорып алуды, құм салынған қаптарды төсеуді, сондай-ақ су арналары мен құбырларды тазалауды тапсырды.
Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстар БҚО-ның барлық аудандарында күшейтілген режимде жүріп жатыр.