https://sputnik.kz/20240327/elimizde-qumar-oyyndardy-zharnamalauga-tolygymen-tyyym-salynbaq-43228584.html
Елімізде құмар ойындарды жарнамалауға толығымен тыйым салынбақ
Елімізде құмар ойындарды жарнамалауға толығымен тыйым салынбақ
Sputnik Қазақстан
Депутаттың айтуынша, қазір букмекерлік кеңселер жарнамаға қомақты қаражат жұмсайды 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T18:29+0500
2024-03-27T18:29+0500
2024-03-27T18:29+0500
құмар ойын
жарнама
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36792284_0:0:3094:1740_1920x0_80_0_0_b18113f4b2ab23dc8371b8cdf4c84589.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда құмар ойындардың жарнамасына толығымен тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойынның етек алып кетуіне оның ешбір тежеусіз жарнамалануы да әсер етіп отыр. Букмекерлік кеңселер жарнамаға қомақты қаражат жұмсайды.Заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын барынша шектеу көзделген."Онда үйлердің қасбеттерінде, ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көліктерде сыртқы жарнамаға тыйым салынады. Интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде жарнамаға толық тыйым салынады", - деді мәжілісмен.Депутаттардың айтуынша, елімізде әрбір бесінші қазақстандық құмар ойындар ойнайды немесе оған қандай да бір қатысы бар. Ойыншының жасы – 14 жастан 40 жасқа дейін.
https://sputnik.kz/20240327/qazaqstanda-400-myn-adam-bukmekerlik-kenseler-men-kazinolardyn-turaqty-klientine-aynalgan-43224301.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36792284_21:0:2752:2048_1920x0_80_0_0_c86f1baf95fbc91ca512cac27c0d900a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құмар ойын, жарнама
Елімізде құмар ойындарды жарнамалауға толығымен тыйым салынбақ
Депутаттың айтуынша, қазір букмекерлік кеңселер жарнамаға қомақты қаражат жұмсайды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда құмар ойындардың жарнамасына толығымен тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойынның етек алып кетуіне оның ешбір тежеусіз жарнамалануы да әсер етіп отыр. Букмекерлік кеңселер жарнамаға қомақты қаражат жұмсайды.
"Телеарналар, ресми интернет сайттар, Youtube арналары, Тik-tok, Instagram, Telegram сияқты әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселердің жарнамасы толып жүр. Сонымен қатар кейбір қоғамдық пікір көшбасшылары, белгілі блогерлер, медиа жұлдыздар да осы зиянды құбылысты жарнамалап жүр. Ұсынылып отырған заңда құмар ойынды жарнамалауға да тыйым қарастырылған", - деді Бейсенбаев мәжілісте өткен отырыста.
Заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын барынша шектеу көзделген.
"Онда үйлердің қасбеттерінде, ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көліктерде сыртқы жарнамаға тыйым салынады. Интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде жарнамаға толық тыйым салынады", - деді мәжілісмен.
Депутаттардың айтуынша, елімізде әрбір бесінші қазақстандық құмар ойындар ойнайды немесе оған қандай да бір қатысы бар. Ойыншының жасы – 14 жастан 40 жасқа дейін.