Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаАлтай Көлгінов
Алтай Көлгінов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Сейтімов атқарған болатын, ол лауазымынан босатылды.
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
2000 жылы әскерде борышын өтеді.
Алтай Көлгінов қайда білім алды
А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдады;
ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірді;
Ұлыбританияның Абердин университетінің түлегі. Алтай Көлгінов "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, "халықаралық коммерциялық құқық" магистрі дәрежесін алды.
Еңбек өтілі
2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;
2003-2007 – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;
2007-2008 – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;
2008-2010 – "АлашМедиаГрупп" компаниясы бас директорының орынбасары;
2010-2012 – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2012-2013 – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2013-2016 – Орал қаласының әкімі;
2016 жылдың наурызынан 2019 жылдың маусымы аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімі болды;
2019 жылдың 13 маусымынан бастап 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін – Астана әкімі.
2022 жылдың 9 желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0