https://sputnik.kz/20240327/25-zhasqa-tolmagan-qazaqstandyqtarga-bas-tiguge-tyyym-salynuy-mumkin-43231030.html
25 жасқа толмаған қазақстандықтарға бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін
25 жасқа толмаған қазақстандықтарға бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолданылады 27.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-27T18:57+0500
2024-03-27T18:57+0500
2024-03-27T18:57+0500
жарнама
құмар ойын
жастар
https://sputnik.kz/img/237/08/2370899_0:161:3069:1887_1920x0_80_0_0_1fd16d78a4d67a157a50e4bf4a55a56e.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 25 жасқа толмаған азаматтарға бәс тігуге және құмар ойындарын ойнауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасын таныстырған депутат Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутаттың айтуынша, ойнау жасына келмеген азаматтардың құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуы шектеледі. Оларға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады.Сондай-ақ заңды тұлғаларға 25 жасқа толмаған адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Егер заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылады.Бұдан бөлек балалар, білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салу ұсынылып отыр.Ал онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолданылады.Сонымен қатар депутаттар заңсыз лотоматиктерге мүлдем тыйым салуды ұсынды.Сондай-ақ сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімін жүргізу, сондай-ақ банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салу көзделген.Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар өз аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға міндеттеледі."Бұл заң осы аталған өзгерістерімен қабылданатын болса, онда қоғамды сауықтыруға, құмар ойындарының таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы саладағы көлеңкелі экономиканың белең алуына да тосқауыл қояды", - деп санайды мәжілісмен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/08/2370899_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_8d269b2c20421150dc43b0171bdaf72e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарнама, құмар ойын, жастар
жарнама, құмар ойын, жастар
25 жасқа толмаған қазақстандықтарға бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін
Онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолданылады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 25 жасқа толмаған азаматтарға бәс тігуге және құмар ойындарын ойнауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасын таныстырған депутат Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, ойнау жасына келмеген азаматтардың құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуы шектеледі. Оларға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады.
"Ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі. Өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі", - деді Бейсенбаев мәжілісте өткен заң жобасының таныстырылымында.
Сондай-ақ заңды тұлғаларға 25 жасқа толмаған адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылады.
Бұдан бөлек балалар, білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салу ұсынылып отыр.
Ал онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолданылады.
Сонымен қатар депутаттар заңсыз лотоматиктерге мүлдем тыйым салуды ұсынды.
Сондай-ақ сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімін жүргізу, сондай-ақ банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салу көзделген.
Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар өз аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға міндеттеледі.
"Бұл заң осы аталған өзгерістерімен қабылданатын болса, онда қоғамды сауықтыруға, құмар ойындарының таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы саладағы көлеңкелі экономиканың белең алуына да тосқауыл қояды", - деп санайды мәжілісмен.