"Жертөлеге кірген су жарты метрге жетті": Алматы облысындағы саяжай тұрғындары дабыл қақты

© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
Жертөлесін су алғандар газ пештерін де қоса алмаған. Алматының суық күндері айлап жылусыз отырған
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылына қарасты Түрксіб саяжайының тұрғын үйлері қызыл судың астында қалды.
100-ден астам тұрғыны бар саяжай теміржол мен күре жолдың ортасында орналасқан. Жолдың арғы шеті Іле ауданына қарасты, бер жағы Қарасай ауданына қарасты аумақ. Екі ортада 140-қа жуық отбасы қайда жүгінерін білмей сабылып жүр.
"Жертөлемдегі су жарты метрге жетті. Кейбірінің үйінің ішіне еріген қар суы кіріп жатыр. Жылдан жылға судың деңгейі көтеріліп келеді. Қайта-қайта сорғызамыз, толып кете береді. Мына жарты метр су қайта азайғаны", - дейді Түрксіб саяжайының тұрғыны Айгүл.
© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Жертөлесін су алғандар газ пештерін де қоса алмаған. Алматының суық күндері айлап жылусыз отырған. Негізі белуардан су кешу бұл саяжай үшін таңсық емес.
"Еріген қар суы әжетханаға да толып қалды. Аулада аяқ басып жүру мүмкін емес, белуардан су. Жәндіктер қаптап кетті, балаларды шағып алады екен деп түнімен өлтіріп шығамыз", - дейді тұрғындар.
Саяжайлықтардың кейбірі үйлерін тастап, пәтер жалдап босып жүр. Он жылдан бері биліктің есігін тоздырған тұрғындарды "саяжайлықтарға көмек жоқ" деп шығарып салады, дейді.
"Қай әкімге барсақ та ауыл статусына қоса алмаймыз дейді. Мына теміржолдың түбін қазайық десек тоқ тартылған, болмайды дейді. Ал арғы шетін қазайық десек бәрі ақшаға келіп тіреледі. Өзіміздің ауылдың тракторы ең арзан дегені бір күнге 100 мың сұрап тұр. Ондай ақша бізде қайдан болсын", - дейді саяжай тұрғыны Динара Төлемісова.
Қызыл судан тіпті теміржолдың өзі көтеріліп кеткен, дейді саяжайлықтар.
© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Қарасай аудандық әкімдігі мәселеге жауапты біз емес, ауыл әкімдігі біледі дейді.
"Түрксіб саяжайы жеке серіктестік кооператив. Қазіргі таңда екі көшеде 138 тұрғын үй, 500 жуық халық тұрады. Түрксіб саяжайының тұрғындары өз төрағасын сайлап, қор ашып, жиналған қаражатқа белгілі бір мәселелерді өздері шешуге тиіс. Сонымен қатар Түрксіб саяжайы теміржолдың қасында орналасқандықтан бұрын жер астынан шығып су көтеріліп зақым келмеуі үшін екі жағасына үлкен арық жүйесі қазылған. Қазіргі күні тұрғындар бұрын саз болған және қазылған арық жүйелерін көміп, биіктетіп құрылыс жүргізген", - дейді Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі Эльмира Тасырова.
Әкімнің айтуынша, ауыл емес, 20 шақты ғана үйді су басқан.
"Оны арнайы техникалармен сорып алу мүмкін емес. Бірақ наурыз айының 16-сы күні тұрғындардың өтініші бойынша Жібек жолы ауылдық округіне карасты Түрксіб саяжайының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге теміржолдың қасынан жер асты кабелінің қай жерінен өтіп жатқанын анықтау үшін Қазақстан теміржолының (ҚТЖ) мамандары шақырылды. Бірақ қазуға болмайды, өйткені кабель жатыр", - дейді әкім.
© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылы
Негізі ауылды қызыл судан аман алып қалу үшін кемінде 2 км, тереңдігі 3-4 метр арық қазылу керек.
"Бұл саяжай болғандықтан өз қаражаттарына қазады немесе ақша күтеді. Өкінішке орай Түрксіб ауыл статусына кірмей қалды", - дейді Эльмира Тасырова.
Түрксіб саяжайындағы 500-ге жуық тұрғынның мәселесі шешілмеген күйде қалып тұр.
Жаңалықтар
0