Жанкүйерлер алдында абыройымызды қайта қалпына келтіруіміз керек - Магомед Адиев

Магомед Адиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
Ол ұлттық құраманы жаңарту мүмкіндігі туралы да айтты
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матч алдындағы баспасөз мәслихатында Люксембург құрамасымен алдағы ойынға қатысты пікір білдірді.
"Қазір командада жалпы көңілсіздік басым. Біз тарихи турнирге алғаш рет қатысқымыз келді. Көңіліміз түсті және ол көңілсіздік әлі де аздап бар. Бізге жанкүйерлеріміздің алдында өзіміздің абыройымызды қайта қалпына келтіруіміз керек", - деді Адиев.
Сонымен қатар ол бапкермен ақылдаса келе Грекиямен ойында ел қақпасына бес гол кіргеніне қарамастан, психологиялық жағдайы тұрақты екеніне байланысты алдағы ойында Игорь Шацкийдің өзі бірінші минуттан бастап қақпада тұратынын айтты.
Ол ұлттық құраманы жаңарту мүмкіндігі туралы да айтты.
"Бізде футболшылар өте көп емес, әсіресе олардың жасына байланысты біз бөліп-жара алмаймыз. Бірінші орында адамның кәсібилігі маңызды. Грекиямен ойын алдында мен Қазақстанның футбол федерациясы президентіне біздің кезең аяқталып келе жатқанын айттым, мен оны сезіндім, мұны талқыладық. Бірақ мен бұл жағдай Грекиямен болатынын ойламадым; мен оны Ұлттар Лигасына жақынырақ болады деп күткен едім. Афиныдағы жағдай бізді белгілі бір өзгерістер жасауға итермелейтіні анық. Әрине, бір нәрсені өзгерту уақыты келді. Бірақ мен біреуді шеттету туралы айтып отырған жоқпын. Ең алдымен жаттықтырушы ретінде менен жаңа идеялар күтеді. Оны Әзербайжан және Армениямен жолдастық ойындардан бастау керек", - деді бас жаттықтырушы.
Адиев Люксембургке қарсы ойындағы ротация туралы да айтты.
"Ротация болады. Ертең Грекиямен ойынмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер болады. Бірақ ойынды жүргізі тәсілінде ешқандай өзгеріс болмайды", - деді Магомед Адиев.
Ол журналистердің Грекияға қарсы матчқа негізгі ойыншыларды жібермегеніне өкіне ме деген сұрағына да жауап берді.
"Футболда лайық па, жоқ па деген ұғым жоқ, кім жаттығуда жұмыс істейді, кім ойынға жараса, сол лайық. Тәжірибелі жігіттермен сөйлестік, менің шешімім кейбір жігіттерге ұнамады. Бірақ менің шешімдерім аяқ асты емес, олар менің эмоционалдық күйіме байланысты емес, олар ақылға салынды және бұл шешімдер жаттығулармен расталды. Мен Қазақстанның футбол федерациясы президенті мен басшыларына кез келген жаттығудың жазбасын көрсетіп, осы немесе басқа ойыншының алаңға неге шықпағанын видео және сандар арқылы көрсете алатынымды айттым", - деді бас жаттықтырушы.
Магомед Адиев "бұл жігіттер ұлттық құрама үшін көп нәрсе жасады, мен үшін де көп нәрсе жасады, олар барлық жағдайда менің қасымда болды, бірақ қазіргі жағдайда мен футболды алдай алмаймын" деген пікір айтты.
Ол Грекиямен ойыннан кейін Әділет Барменқұловпен сөйлескенін де айтты.
"Біз Әділет Барменқұловпен сөйлестік, бірақ жеңіл әңгіме болды. Ойыннан кейін келгенде бәріміз демалып, бәрі тынышталып, шу басылғанда сөйлесеміз деп келістік. Мен олардың сыртынан келіссөз жүргізбеймін. Федерация мұны түсінуі керек. Федерация мен оларға сенетіндей маған толық сенім артады. Біз ұзақ жолдан өттік және біз ұсақ нәрселер үшін бір-бірімізге ренжімейміз. Бұл біз үшін тым жат қасиет", - деді Адиев.
Ол қандай жағдайда өзі ұлттық құраманы жаттықтыруды жалғастыратынын айтты.
"Егер Федерация президенті мені құраманы әлем чемпионатына қарай бәсекеге қабілетті ете алады деп есептесе, содан кейін серіктестікті қарастырамыз. Бірінші сөз, әрине, Федерацияға тиесілі болады. Қалған ұсыныстардың барлығын осыдан кейін ғана қарайтын боламын", - деді Магомед Адиев.
Люксембург – Қазақстан арасындағы ойын наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.
Жаңалықтар
0