Тұман, жел, жаңбыр: синоптиктер 27 наурыздағы ауа райын болжады

© AP Photo / Eugene HoshikoДождь
Дождь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
Қазақстан бойынша тұман түседі, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. "Қазгидромет" РМК мамандары 27 наурыздағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстанның орталығында жүріп жатқан белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды әрі желді ауа райы күтіледі.
"Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман түседі, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі", - деді синоптиктер.
Жаңалықтар
0