Қазақстан мен АҚШ табиғи уран үлесін арттырып жатыр

© Sputnik / Анатолий УстиненкоХранение урановой продукции в Усть-Каменогорске
Хранение  урановой продукции в Усть-Каменогорске - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен кездесіп, энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Сәтқалиевтың айтуынша, бүгінгі таңда энергетика саласындағы америкалық компаниялармен бірлескен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы жобалар табысты болған.
"Сондай-ақ америкалық энергетикалық компанияларға жеткізілетін табиғи уран үлесін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Бүгінде Southern Company, Constellation, Duke Energy және т.б. америкалық компаниялармен 2032 жылға дейін уран өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шарттар жасалған", - дейді ведомстводағылар.
Өз кезегінде, АҚШ сенаторы Стив Дэйнс Қазақстанның көміртегі бейтараптығын,, жаңартылатын энергия көздерін және елдегі жасыл сутегі мүмкіндіктерін дамытудағы елеулі табыстары туралы айтты.
Жаңалықтар
0