https://sputnik.kz/20240326/koktemde-avtogazdyn-bagasy--koterile-me--energetika-ministri-zhauap-berdi-43195541.html
Көктемде автогаздың бағасы көтеріле ме – энергетика министрі жауап берді
Көктемде автогаздың бағасы көтеріле ме – энергетика министрі жауап берді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы оны өндіру құнынан төмен 26.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-26T15:10+0500
2024-03-26T15:10+0500
2024-03-26T15:10+0500
қр энергетика министрлігі
газ
баға
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемде автогаз бағасын көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Наурыздың басында министр көктемде автогаз бағасы 5-8 теңгеге өсетінін айтқан. Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер сұйытылған газдың бағасы туралы тағы сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, әзірше ондай қажеттілік жоқ. Бірақ нарықтағы жағдайға қарай баға өзгеруі мүмкін.Айта кетері, бұған дейін энергетика министрі газ саласының шығынға ұшырап жатқанын да айтқан. Себебі Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы оны өндіру құнынан төмен. Ресейде бір литр газдың бағасы 165 теңге болса, Қазақстанда 54-86 теңгені құрайды. Қырғызстанда – 159 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, ал Тәжікстанда 273 теңгеден сатады. Осылайша, елімізде автогаздың бағасы ең арзан болып тұр.
https://sputnik.kz/20230425/ministr-reseyden-tartylatyn-gaz-zhayly-bagasy-adil-bolatynyna-senimdimiz-34273267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр энергетика министрлігі, газ, баға
қр энергетика министрлігі, газ, баға
Көктемде автогаздың бағасы көтеріле ме – энергетика министрі жауап берді
Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы оны өндіру құнынан төмен
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемде автогаз бағасын көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Наурыздың басында министр көктемде автогаз бағасы 5-8 теңгеге
өсетінін айтқан. Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер сұйытылған газдың бағасы туралы тағы сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, әзірше ондай қажеттілік жоқ. Бірақ нарықтағы жағдайға қарай баға өзгеруі мүмкін.
"Иә, бұған дейін сұйытылған газдың бағасы 5-7 теңгеге көтерілетінін айтқан едім. Ол кезде біз ішкі нарықтың сұранысын өтеу қажеттігін ойладық. Алайда біз "Теңізшевройл" компаниясымен тиімді келіссөздер өткіздік. Соның нәтижесінде ай сайын ішкі нарыққа қосымша 20 мың тонна газ бөлінетін болды. Бұдан бөлек, сұйытылған газдың экспортына толығымен тыйым салынды. Оны көлікпен де, теміржолмен де шығаруға болады. Қазір біз нарықтағы жағдайды бақылап отырмыз. Соған қарай бағаны көтеруге қатысты шешім қабылдаймыз ", - деді Сәтқалиев үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін энергетика министрі газ саласының шығынға ұшырап жатқанын да айтқан. Себебі Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы оны өндіру құнынан төмен.
Ресейде бір литр газдың бағасы 165 теңге болса, Қазақстанда 54-86 теңгені құрайды. Қырғызстанда – 159 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, ал Тәжікстанда 273 теңгеден сатады. Осылайша, елімізде автогаздың
бағасы ең арзан болып тұр.