https://sputnik.kz/20240326/duma-arnayy-operatsiya-qatysushylarynyn-kredit-protsentin-zhoyu-turaly-zandy-qabyldady-43200861.html
Дума арнайы операция қатысушыларының кредит процентін жою туралы заңды қабылдады
Дума арнайы операция қатысушыларының кредит процентін жою туралы заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
Сонымен бірге заң жобасы федералдық бюджеттен банктерге енгізілген жеңілдікке байланысты өтелмеген проценттік кірістің 50 пайызын өтеуді қарастырады 26.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-26T18:57+0500
2024-03-26T18:57+0500
2024-03-26T18:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
кредит
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38595198_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_715454ac9908db1962b7e0d013407d97.jpg
АСТАНА, 26 наурыз - Sputnik. Ресейдің Мемлекеттік Думасы бірінші оқылымда арнайы әскери операцияға қатысушыларды тұтыну кредиттері мен кредит демалысы кезінде жиналған қарыз бойынша процент төлеуден босату туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.Құжатты Ресей Федерациясының үкіметі енгізді және әлеуметтік қолдау көрсетуге және қарыз алушылардың – арнайы әскери операция қатысушыларының кредиттік жүктемесін азайтуға бағытталған. Арнайы әскери операция қатысушыларының кредиттері мен қарыздары бойынша кредиттік демалыс кезеңінде есептелген үстеме есептен шығарылады, ал егер проценттің бір бөлігі төленсе, онда бұл қаражат негізгі борышты немесе осындай қарыз алушының басқа да міндеттемелерін өтеуге жұмсалады.Сонымен бірге заң жобасы федералдық бюджеттен банктерге енгізілген жеңілдікке байланысты өтелмеген проценттік кірістің 50 пайызын өтеуді қарастырады. Заң жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, бұл федералды бюджеттен шамамен 5,7 миллиард рубль мөлшерінде қосымша шығын қарастыруды талап етеді.Ресейде 2022 жылдың қазан айынан бастап арнайы әскери операция қатысушылары мен олардың отбасы мүшелеріне кредит бойынша демалыс алу құқығын беретін заң күшіне енді. Осы жылдың қаңтар айының соңында Ресей президенті Владимир Путин арнайы әскери операция қатысушыларын кредит демалысы кезінде жиналған проценттерді төлеуден босату мәселесін шешуді тапсырды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38595198_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_6ab671ae3bbd1298b43bc3bb259f4587.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, кредит
Дума арнайы операция қатысушыларының кредит процентін жою туралы заңды қабылдады
Сонымен бірге заң жобасы федералдық бюджеттен банктерге енгізілген жеңілдікке байланысты өтелмеген проценттік кірістің 50 пайызын өтеуді қарастырады
АСТАНА, 26 наурыз - Sputnik. Ресейдің Мемлекеттік Думасы бірінші оқылымда арнайы әскери операцияға қатысушыларды тұтыну кредиттері мен кредит демалысы кезінде жиналған қарыз бойынша процент төлеуден босату туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.
Құжатты Ресей Федерациясының үкіметі енгізді және әлеуметтік қолдау көрсетуге және қарыз алушылардың – арнайы әскери операция қатысушыларының кредиттік жүктемесін азайтуға бағытталған. Арнайы әскери операция қатысушыларының кредиттері мен қарыздары бойынша кредиттік демалыс кезеңінде есептелген үстеме есептен шығарылады, ал егер проценттің бір бөлігі төленсе, онда бұл қаражат негізгі борышты немесе осындай қарыз алушының басқа да міндеттемелерін өтеуге жұмсалады.
Сонымен бірге заң жобасы федералдық бюджеттен банктерге енгізілген жеңілдікке байланысты өтелмеген проценттік кірістің 50 пайызын өтеуді қарастырады. Заң жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, бұл федералды бюджеттен шамамен 5,7 миллиард рубль мөлшерінде қосымша шығын қарастыруды талап етеді.
Ресейде 2022 жылдың қазан айынан бастап арнайы әскери операция қатысушылары мен олардың отбасы мүшелеріне кредит бойынша демалыс алу құқығын беретін заң күшіне енді. Осы жылдың қаңтар айының соңында Ресей президенті Владимир Путин арнайы әскери операция қатысушыларын кредит демалысы кезінде жиналған проценттерді төлеуден босату мәселесін шешуді тапсырды.