https://sputnik.kz/20240326/astanada-meditsina-uyymdaryna-83-dariger-qazhet-43194893.html
Астанада медицина ұйымдарына 83 дәрігер қажет
Астанада медицина ұйымдарына 83 дәрігер қажет
Sputnik Қазақстан
Рүстемова медицина қызметкерлері үшін халықпен жұмыс істеу қиындай түскенін айтты 26.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-26T14:14+0500
2024-03-26T14:14+0500
2024-03-26T14:14+0500
дәрігер
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817172_0:353:2273:1632_1920x0_80_0_0_f5c3e568957e478da8f61a07115c2e29.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың айтуынша, елордада ведомстволық бағынысты мекемелерде дәрігер тапшылығы бұрынғыдай күрделі емес. Дегенмен қазіргі таңда 83 дәрігер қажет.Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда 12 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 мың дәрігер бар.Рүстемова медицина қызметкерлері үшін халықпен жұмыс істеу қиындай түскенін айтып өтті."Кейбір азаматтардың агрессивті мінез-құлқы, медицина қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасап, қорлауы біздің мамандарды жұмыс орындарын өзгертуге мәжбүр етеді. Қарапайым ғана құрмет көрсетілмейтін жерде кім жұмыс істегісі келеді!? Біз қызметкерлерімізге барлық жағынан қолдау көрсетеміз, оларға жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлар жасауға тырысамыз және жасаймыз, мемлекеттің арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысы қайта қаралып, артып келеді", - деді Әлия Рүстемова.Оның айтуынша, өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті. Алайда бұл мотивация да жеткіліксіз."Халық та денсаулық сақтау саласының мамандарына қамқорлық жасауы қажет. Бұл жерде ортақ жауапкершілік болуы тиіс", - дейді ол.Спикер атап өткендей, денсаулық сақтау басқармасы мамандарды жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқытады. Оған жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 200 млн теңге бөлінеді."Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен резидентураға 131 грант бөлінді. Сонымен қатар өткен жылдары резидентураны аяқтап, ведомстволық бағынысты ұйымдарға 246 резидент жұмысқа орналастырылды. Мұның бәрі елордалық медициналық ұйымдарда дәрігерлік кадрлар бойынша тапшылықты іс жүзінде жабуға мүмкіндік берді", - деді Әлия Рүстемова.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817172_0:140:2273:1845_1920x0_80_0_0_619ca7897316a7696404ccb9deb314df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, астана
Астанада медицина ұйымдарына 83 дәрігер қажет
Рүстемова медицина қызметкерлері үшін халықпен жұмыс істеу қиындай түскенін айтты
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың айтуынша, елордада ведомстволық бағынысты мекемелерде дәрігер тапшылығы бұрынғыдай күрделі емес. Дегенмен қазіргі таңда 83 дәрігер қажет.
Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда 12 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 мың дәрігер бар.
"Қазіргі уақытта 83 дәрігер маманы тапшы. Бұл – негізінен учаскелік дәрігерлер. Кадрлар әртүрлі себептермен ауысады. Мысалы, жас маман-әйелдер отбасын құрып, декреттік демалысқа кетеді, тағы бірі басқа мамандықтарға қайта даярланып, бағытын өзгертеді, кейбір дәрігерлер әртүрлі жағдайларда басқа қалаларға, елдерге көшеді, осылайша дәрігер кадрларының жетіспеушілігі қалыптасады. Әрине, басты себептердің бірі – физикалық және психоэмоционалды жоғары жұмыс", - деді спикер.
Рүстемова медицина қызметкерлері үшін халықпен жұмыс істеу қиындай түскенін айтып өтті.
"Кейбір азаматтардың агрессивті мінез-құлқы, медицина қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасап, қорлауы біздің мамандарды жұмыс орындарын өзгертуге мәжбүр етеді. Қарапайым ғана құрмет көрсетілмейтін жерде кім жұмыс істегісі келеді!? Біз қызметкерлерімізге барлық жағынан қолдау көрсетеміз, оларға жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлар жасауға тырысамыз және жасаймыз, мемлекеттің арқасында медицина қызметкерлерінің жалақысы қайта қаралып, артып келеді", - деді Әлия Рүстемова.
Оның айтуынша, өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті. Алайда бұл мотивация да жеткіліксіз.
"Халық та денсаулық сақтау саласының мамандарына қамқорлық жасауы қажет. Бұл жерде ортақ жауапкершілік болуы тиіс", - дейді ол.
Спикер атап өткендей, денсаулық сақтау басқармасы мамандарды жыл сайын жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқытады. Оған жергілікті бюджеттен жыл сайын шамамен 200 млн теңге бөлінеді.
"Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен резидентураға 131 грант бөлінді. Сонымен қатар өткен жылдары резидентураны аяқтап, ведомстволық бағынысты ұйымдарға 246 резидент жұмысқа орналастырылды. Мұның бәрі елордалық медициналық ұйымдарда дәрігерлік кадрлар бойынша тапшылықты іс жүзінде жабуға мүмкіндік берді", - деді Әлия Рүстемова.