https://sputnik.kz/20240325/rosatom-atomekspo-2024-forumynda-zhana-qalqymaly-aes-zhobalaryn-usyndy-43181515.html
"Росатом" "Атомэкспо-2024" форумында жаңа қалқымалы АЭС жобаларын ұсынды
"Росатом" "Атомэкспо-2024" форумында жаңа қалқымалы АЭС жобаларын ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қалқымалы энергия блокты АЭС - қуаты аз атом энергетикасы саласындағы "Росатом" жұмысының негізгі бағыттарының бірі 25.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-25T14:55+0500
2024-03-25T14:55+0500
2024-03-25T14:56+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462275_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_36176a8c527690b9b2efb03f5eedc963.jpg
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы "Атомэкспо-2024" халықаралық форумында қалқымалы АЭС, оның ішінде халықаралық тапсырыс берушілер үшін жаңа жобалар желісін ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.Қалқымалы энергия блокты АЭС - қуаты аз атом энергетикасы саласындағы "Росатом" жұмысының негізгі бағыттарының бірі.Қалқымалы атом электр станциялары жағалауда және шалғай аудандарда, аралдарда, порттарда, сондай-ақ агломерацияларда жұмыс істеуге арналған. Олар тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорындар мен салынып жатқан ірі объектілерді энергиямен жабдықтайды. ПЭБ-106 базасындағы қалқымалы атом электр станциясының жобасы қазіргі күні Ресейде Чукоткадағы Баим тау-кен байыту комбинатын электрмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатыр."Росатом" халықаралық нарық үшін екі реакторлы РИТМ-200М қалқымалы ПЭБ-100 атом электр станциясын ұсынады. Оның 100 мегаваттық электр қуаты бар. Ал Ресей нарығы үшін РИТМ - 200С екі реакторлы ПЭБ - 206 қалқымалы станцияны ұсынады, оның 106 мегаватт электр қуаты бар. Сондай-ақ РИТМ-400М екі реакторлы тағы бір ПЭБ-180 қалқымалы станциясын ұсынады, оның 180 мегаватт электр қуаты бар.ПЭБ-100 өмірлік циклі 60 жылға, ПЭБ-106 және ПЭБ-180 40 жылға арналған."Атомэкспо" - атом энергетикасы бойынша ең ірі халықаралық форум, онда әлемдік атом саласының қазіргі жағдайы талқыланып, оның ары қарай даму трендтері қалыптасады. "Росатом" - "Атомэкспо" ұйымдастырушысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462275_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_17e082c43926ba2acb3bfd2f298065cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
"Росатом" "Атомэкспо-2024" форумында жаңа қалқымалы АЭС жобаларын ұсынды
14:55 25.03.2024 (жаңартылды: 14:56 25.03.2024) Қалқымалы энергия блокты АЭС - қуаты аз атом энергетикасы саласындағы "Росатом" жұмысының негізгі бағыттарының бірі
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы "Атомэкспо-2024" халықаралық форумында қалқымалы АЭС, оның ішінде халықаралық тапсырыс берушілер үшін жаңа жобалар желісін ұсынды, деп хабарлайды
РИА Новости. Қалқымалы энергия блокты АЭС - қуаты аз атом энергетикасы саласындағы "Росатом" жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Қалқымалы атом электр станциялары жағалауда және шалғай аудандарда, аралдарда, порттарда, сондай-ақ агломерацияларда жұмыс істеуге арналған. Олар тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорындар мен салынып жатқан ірі объектілерді энергиямен жабдықтайды. ПЭБ-106 базасындағы қалқымалы атом электр станциясының жобасы қазіргі күні Ресейде Чукоткадағы Баим тау-кен байыту комбинатын электрмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатыр.
"Росатом" халықаралық нарық үшін екі реакторлы РИТМ-200М қалқымалы ПЭБ-100 атом электр станциясын ұсынады. Оның 100 мегаваттық электр қуаты бар. Ал Ресей нарығы үшін РИТМ - 200С екі реакторлы ПЭБ - 206 қалқымалы станцияны ұсынады, оның 106 мегаватт электр қуаты бар. Сондай-ақ РИТМ-400М екі реакторлы тағы бір ПЭБ-180 қалқымалы станциясын ұсынады, оның 180 мегаватт электр қуаты бар.
ПЭБ-100 өмірлік циклі 60 жылға, ПЭБ-106 және ПЭБ-180 40 жылға арналған.
"Атомэкспо" - атом энергетикасы бойынша ең ірі халықаралық форум, онда әлемдік атом саласының қазіргі жағдайы талқыланып, оның ары қарай даму трендтері қалыптасады. "Росатом" - "Атомэкспо" ұйымдастырушысы.