https://sputnik.kz/20240325/kokshetauda-mektepti-su-basty-43180539.html
Көкшетауда мектепті су басты
Көкшетауда мектепті су басты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында еріген қардың суы мектепке кірді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 25.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-25T12:36+0500
2024-03-25T12:36+0500
2024-03-25T12:56+0500
мектеп
көкшетау
https://sputnik.kz/img/475/69/4756985_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_55784050c8b4c8816bf13686b86827ec.jpg
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында еріген қардың суы мектепке кірді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Видеода судың дәлізге, тіпті, ас даярлайтын бөлмеге кіріп кеткенін анық көруге болады.Ресми мәліметке сәйкес, Бірлік шағын ауданындағы 22 мектептің жертөлесін су басты. Ол жерде тамақ даярлайтын бөлме де орналасқан. Мектепке кірген судың деңгейі 10-15 сантиметр болған.Мамандардың айтуынша, білім беру мекемесіне кіретін электр желілерінің тесіктерін дұрыс бітемеген. Соның салдарынан ғимаратқа еріген қардың суы кірген.Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті (4 адам мен 1 техника) мен "Көкше-Тазалық" ЖШС (12 адам мен 5 техника) барды. Олар 15 минуттың ішінде жертөлеге кіріп жатқан суды тоқтатты.Айта кетері, бұған дейін Қазгидромет Ақтөбе, Ақмола, Батыс, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күннің жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейінің көтерілетінін ескерткен.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/475/69/4756985_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_62e0f922183fa745341387f8eb8d4739.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, көкшетау
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында еріген қардың суы мектепке кірді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Видеода судың дәлізге, тіпті, ас даярлайтын бөлмеге кіріп кеткенін анық көруге болады.
Ресми мәліметке сәйкес, Бірлік шағын ауданындағы 22 мектептің жертөлесін су басты. Ол жерде тамақ даярлайтын бөлме де орналасқан. Мектепке кірген судың деңгейі 10-15 сантиметр болған.
Мамандардың айтуынша, білім беру мекемесіне кіретін электр желілерінің тесіктерін дұрыс бітемеген. Соның салдарынан ғимаратқа еріген қардың суы кірген.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті (4 адам мен 1 техника) мен "Көкше-Тазалық" ЖШС (12 адам мен 5 техника) барды. Олар 15 минуттың ішінде жертөлеге кіріп жатқан суды тоқтатты.
Айта кетері, бұған дейін Қазгидромет Ақтөбе, Ақмола, Батыс, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күннің жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейінің көтерілетінін ескерткен.