https://sputnik.kz/20240325/astanada-kipr-elshiligi-ashylady-43182551.html
Астанада Кипр елшілігі ашылады
Астанада Кипр елшілігі ашылады
Sputnik Қазақстан
Биыл Қазақстан мен Кипр арасында дипломатиялық қатынас орнағанына - 32 жыл 25.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-25T16:51+0500
2024-03-25T16:51+0500
2024-03-25T16:51+0500
астана
эйр астана
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36456999_0:403:2210:1646_1920x0_80_0_0_2a2512fa12bb7d52a90a9aa79de616e5.jpg
АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Кипр Республикасының cыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесуде Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.Өз кезегінде Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.Бұдан бөлек, кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36456999_0:195:2210:1853_1920x0_80_0_0_2f975c3287b8b9619c7bcd48e21b8d08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, эйр астана
Астанада Кипр елшілігі ашылады
Биыл Қазақстан мен Кипр арасында дипломатиялық қатынас орнағанына - 32 жыл
АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Кипр Республикасының cыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.
Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.
Өз кезегінде Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.