Алматы облысында бойжеткен кісі қолынан қаза тапты

© AP Photo / Dieu Nalio CheryАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2024
Жазылу
21 наурызда Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында жасқыздыөлтіріпкеткені туралы хабарлама келіп түсті
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Алматы облысында 18 жастағы қыз кісі қолынан ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінесілтемежасап.
Полиция қызметкерлері күдіктілердің ұсталғанын айтты.
"Ақпарат дереу тексерілді. 2006 жылғы қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдіктіні анықтап, ұстады",- деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Тергеу барысында күдіктілер 14-15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.
"Тергеу нәтижесінде екі күдікті кісі өлтіргені анықталды, олар қамауға алынды. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді", - деп толықтырды облыстың бас полицейі.
Жаңалықтар
0