Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Жапониядан 230 миллион доллар қарыз алды

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Украина Жапониядан қарызға 230 миллион доллар алды. Бұл туралы Жоғарғы раданың салық комитетінің төрағасы Даниил Гетманцев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Комитет басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде Жапония қаржылай қолдау жағынан төртінші орында тұр.
"Украина Жапониядан 230 миллион доллар көлемінде қарыз алды… Қолдау көлемі жағынан (2022 жылдың ақпан айынан бері – ред.) бұл мемлекет тұрақты төртінші орынды ұстап келеді. Оның алдында Еуропалық одақ, АҚШ мен Халықаралық валюта қоры тұр", - деп жазды Гетманцев өзінің Telegram-арнасында.
Депутат Жапонияның жіберген барлық қаржының көлемін де жариялады. Биыл қаңтар-ақпан айларында Украинаға сырттан жіберілген қаржылай көмектің жалпы көлемі 1,2 миллиар доллар болған. Соның ішінде Жапонияның 901 миллион доллар бөліп берген.
Бұған дейін 10 наурызда Жоғарғы раданың бюджет комитетінің төрағасы Роксолана Пидласа Financial Times газетіне берген сұхбатында Украинаның Жапониямен және Канадамен келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан. Негізгі мақсат – қосымша қаржылай қолдау алу. Ол кезде АҚШ конгресі Киевке берілетін көмекті мақұлдамай жатқан.
Украина бір жылдық бюджеттің жартысына жуығын - 87 миллиард долларды қорғаныс саласына жұмсап отыр. Ал осы елдің ішкі кірісі небәрі 46 миллиард долларды құрап отыр. Алдағы уақытта мобилизацияның кезекті толқынына байланысты бюджет тапшылығы тағы өседі деген болжам бар. Себебі әскерге шақырылатын адамдардың жалақысына, оқуына және қажетті тағы басқа қажеттіліктеріне қыруар ақша қажет болады.
Жаңалықтар
0