https://sputnik.kz/20240324/stepnogorskte-politsiyadan-qashqan-zhurgizushi-kolikpen-betpe-bet-soqtygysty---3-adam-koz-zhumdy-43171957.html
Степногорскте полициядан қашқан жүргізуші бетпе-бет соқтығысты - 3 адам көз жұмды
Степногорскте полициядан қашқан жүргізуші бетпе-бет соқтығысты - 3 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Полиция қызметкерлері көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған 24.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-24T14:11+0500
2024-03-24T14:11+0500
2024-03-24T14:14+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/874/19/8741914_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_0b10c6cafd2e97775bc998dc9e89f949.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Степногорск қаласында полициядан қашқан джиптің иесі тас жолда қарсы бағытта келе жатқан көлікпен бетпе-бет соғысты. Оқиға орнында үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 наурызда қаланы аралап жүрген патрульдік полиция экипажы Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқысы келген. Бірақ джиптің иесі тәртіп сақшылардың талабына бағынбай, ауланың ішімен қаша бастайды. Джип қаланың ішінде бір көлікті соғып кетеді. Иесі сонда да тоқтамай, Заводской кентіне баратын тас жолға шығып кеткен.Тәртіп сақшылары алдымен аспанға, одан кейін джиптің доңғалағына бірнеше рет оқ атты. Бірақ иесі тоқтаған жоқ. Сосын қарсы бақытқа шығып кетіп, "Ауди В4" көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Көлікте үш адам – жүргізуші және екі жолаушы болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды.Жолдың жиегіне ұшып кеткен джип өртке оранды. Бірақ иесі қатты зардап шеккен жоқ. Сот-медициналық сараптама оның мас болғанын растады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/874/19/8741914_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_2cac2a3e1ad498574eee4b349b21e18f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Степногорскте полициядан қашқан жүргізуші бетпе-бет соқтығысты - 3 адам көз жұмды
14:11 24.03.2024 (жаңартылды: 14:14 24.03.2024) Полиция қызметкерлері көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Степногорск қаласында полициядан қашқан джиптің иесі тас жолда қарсы бағытта келе жатқан көлікпен бетпе-бет соғысты. Оқиға орнында үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 наурызда қаланы аралап жүрген патрульдік полиция экипажы Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқысы келген. Бірақ джиптің иесі тәртіп сақшылардың талабына бағынбай, ауланың ішімен қаша бастайды.
Джип қаланың ішінде бір көлікті соғып кетеді. Иесі сонда да тоқтамай, Заводской кентіне баратын тас жолға шығып кеткен.
"Полиция қызметкерлері көлікті тоқтату үшін қызметтік қаруды қолдануға мәжбүр болды", - дейді департамент мамандары.
Тәртіп сақшылары алдымен аспанға, одан кейін джиптің доңғалағына бірнеше рет оқ атты. Бірақ иесі тоқтаған жоқ. Сосын қарсы бақытқа шығып кетіп, "Ауди В4" көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Көлікте үш адам – жүргізуші және екі жолаушы болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды.
Жолдың жиегіне ұшып кеткен джип өртке оранды. Бірақ иесі қатты зардап шеккен жоқ. Сот-медициналық сараптама оның мас болғанын растады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.