https://sputnik.kz/20240324/eki-tonna-tarkilendi-astanada-politsiya-nasybay-ondiretin-tsekh-tapty-43170859.html
Екі тонна тәркіленді: Астанада полиция насыбай өндіретін цех тапты
Екі тонна тәркіленді: Астанада полиция насыбай өндіретін цех тапты
Sputnik Қазақстан
Рейд барысында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді 24.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-24T19:28+0500
2024-03-24T19:28+0500
2024-03-24T19:28+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/03/18/43171085_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_e01ffc3de5aa5dfd99922d015fb0124e.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд барысында 2 тоннадан астам насыбай өнімін тәркіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астанада тыйым салынған темекі қоспасымен белсенді күрес жүріп жатыр. Елорданың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде.Полицейлер сауда орындарын тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.Рейдтік іс-шаралар апталығында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді.Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтады.Рейд барысында Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері насыбай өндіретін цехты тапты. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады.Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері рейд барысында Омаров және Асан Қайғы көшелерінің қиылысындағы жеке үйде 2 тонна насыбай сақталғанын анықтады.Заң бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Олар 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Барлық өнім тәркіленді.Елорданың сауда орындары бойынша рейдтер күн сайын жүріп жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/18/43171085_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_3a971168abc9c916a7d83f3ad351ae01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Екі тонна тәркіленді: Астанада полиция насыбай өндіретін цех тапты
Рейд барысында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд барысында 2 тоннадан астам насыбай өнімін тәркіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада тыйым салынған темекі қоспасымен белсенді күрес жүріп жатыр. Елорданың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде.
Полицейлер сауда орындарын тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Рейдтік іс-шаралар апталығында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді.
Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтады.
Рейд барысында Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері насыбай өндіретін цехты тапты. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады.
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері рейд барысында Омаров және Асан Қайғы көшелерінің қиылысындағы жеке үйде 2 тонна насыбай сақталғанын анықтады.
Заң бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Олар 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Барлық өнім тәркіленді.
Елорданың сауда орындары бойынша рейдтер күн сайын жүріп жатыр.