Бүгін - Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні

© Sputnik / Михаил Голенков / Медиабанкке өтуАкции памяти жертв теракта в "Крокус Сити Холле"
Акции памяти жертв теракта в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
Ресей тарихында отызыншы рет аза тұту күні жарияланып отыр
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. РФ президенті Владимир Путин 24 наурызды Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.
Барлық мемлекеттік органдарда ту түсіріліп, салтанатты іс-ашаралар тоқтатылды.

Мәскеуліктер трагедия болған жерге гүл шоқтарын апарып, қаза болғандардың рухына тағзым етіп жатыр.
Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған.
Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 133 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті.

11 адам ұсталды, олардың ішінде 4 террорист "Крокустағы" терактіге тікелей қатысқан.
Последствия стрельбы в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
"Ақша алдым": Мәскеуде теракт жасады деген күдікпен ұсталғандардан жауап алынды
Жаңалықтар
0