Қазақстандықтар Ресей дипломатиялық өкілдігіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовЦветы у Генконсульства России в Алматы
Цветы у Генконсульства России в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар кеше түнде Crocus City Hall ғимаратында болған қайғылы оқиғаға байланысты Астана мен Алматыдағы Ресей дипломатиялық өкілдіктеріне гүл шоқтарын әкеліп жатыр.
"Қалай қайғырып тұрғанымды айтып жеткізе алмаймын. Мұндай оқиғаның орын алғанын түйсінудің өзі ауыр", - деді Ресей бас консулдығына келген алматылықтардың бірі.
"Қайғыдан қан жұтып жатқан адамдарға көңіл айтамын. Бұл өте қорқынышты жағдай. Красногорда досым тұрады. Бұл сол жерге жақын", - дейді тағы бір алматылық.
Астанадағы Ресей елшілігіне де келіп, қайғыға ортақтасып жатқандар аз емес.
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Крокустағы терактіде 60-тан астам адам қаза тапты
Жаңалықтар
0