Павлодар облысында екі адам мінген көлік суға батып кетті

© Sputnik / Kirill Shipitsyn / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта болған. Құтқарушылар балықшылардың денесін тапты
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында балық аулауға барған екі адам көлікпен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
22 наурызда кешкі сағат 20:33-да Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында орналасқан "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған екі ер адамның мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түсті. Олар көлікпен мұздың үстімен жүрген.
"Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келген. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен", - дейді құтқарушылар.
Бүгін таңғы сағат 07:20-да іздестіру жұмыстары басталды. Оған 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы тартылды. Балықшылардың денесі табылды.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті қазір мұздың өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.
Жаңалықтар
0