Мәскеудегі трагедия: қазіргі уақытта не белгілі

© РИА Новости"Крокус сити холл"
Крокус сити холл  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Зардап шеккендер мен басқа да мәліметтер нақтыланып жатыр
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Жұма күні кешке Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Крокус сити холл" концерт залында "Пикник" тобының концерті басталар алдында камуфляж киген кем дегенде үш адам жиналған халыққа автоматтан оқ жаудырды.
"Пикник" тобының директоры тарс еткен дыбысты естігенін хабарлады.
"Қазір қайғылы жағдай болып жатыр. Адамдар көшеге жалаңаш жүгіріп шықты", - деді ол.
Содан кейін лаңкестер граната немесе жарылғыш зат лақтырған, соның салдарынан өрт шығып, шатыр отқа оранған.
Төтенше жағдай орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнына барлық күш пен құрал жіберілді. Зардап шеккендер мен басқа да мәліметтер нақтыланып жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін 70-тен астам жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
"Крокус сити холдың" жертөлесінен жүзге жуық адам шығарылды, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері адамдарды іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Крокустағы" өртті сөндіруге авиация қолданылуда, тікұшақ өртеніп жатқан ғимаратқа су төгіп жатыр, тағы екі тікұшақ ұшуға дайындалуда, деп хабарлады Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі.
 Крокус сити холл в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Мәскеуде "Пикник" тобының концертінде камуфляж киген үш адам оқ жаудырды
Жаңалықтар
0