Мәскеудегі теракт кезінде көз жұмғандар саны артты

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуТеракт в "Крокус Сити Холле"
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың алғашқы тізімін жариялады. Оның ішінде 37 адамның есімі бар
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ресейдің тергеу комитеті "Крокус Сити Холлда" қаза тапқан адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде терактіде 93 адамның қаза тапқаны расталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, барлығы оқ жарақатын алған және түтіннен уланып қалды.
Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың алғашқы тізімін жариялады. Оның ішінде 37 адамның есімі бар.
Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Қолында автоматы бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды.
Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.
Жаңалықтар
0