Мәскеуде жоғары білім алып жатқан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуТеракт в "Крокус Сити Холле"
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Барлық стипендиат байланысқа шықты
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Мәскеуде жоғары білім алып жатқан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.

"Ресей Федерациясында "Болашақ" және "500 ғалым" бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиат байланысқа шықты", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Соңғы мәліметтер бойынша 60-тан астам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
"Крокустағы" лаңкестіктен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспеді – СІМ
Жаңалықтар
0