Крокустағы лаңкестік әрекет: 11 адам ұсталды

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуТеракт в "Крокус Сити Холле"
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Қазіргі кезде сыбайластарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің бастығы президентке 11 адамның ұсталғаны туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұсталғандардың арасында 4 террорист те бар. Олар "Крокустағы" терактіге қатысқан.
Путинге тергеудің барысы туралы баяндама да тапсырылды. Қазіргі кезде сыбайластарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, Мәскеудегі "Крокус" орталығында болған теракт салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды.
Қолында автоматы бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
"Крокустағы" лаңкестіктен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспеді – СІМ
Жаңалықтар
0