Алматы облысында таудан түскен топырақ екі үйді басып қалды

© Photo : ДЧС Алматинской областиГрунт сошел на территорию частных домов в Алматинской области
Грунт сошел на территорию частных домов в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Алматы облысындағы Талғар ауданында төтенше жағдай болды. Таудан сырғып түскен топырақ екі үйді басып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
23 наурызда кезекші бөлімге Бесағаш ауылындағы "Бурабай" коттедж қалашығында жауын-шашынның салдарынан топырақтың батпақтануы орын алғаны, нәтижесінде таудың баурайынан топырақтың өздігінен екі жеке тұрғын үйге түсуі туралы хабарлама келіп түсті.
"Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді құтқарушылар.
Алтай көшесі бойындағы баурайдың жоғарғы бөлігінде орналасқан аулалық ғимараттары бар тұрғын үйдің құлау қаупі бар. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
Оқиға орнына 18 адам және 6 бірлік техника, сондай-ақ "Қазселденқорғау" мамандарды барды.
Жаңалықтар
0