24 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланады – Путин

© МЧС РФ / Медиабанкке өтуПоследствия стрельбы в "Крокус Сити Холле"
Последствия стрельбы в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. 24 наурыз Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин мәлімдеді.
"Ондаған бейбіт, жазықсыз адам "Крокустағы" қанды, варварлық терактінің құрбаны болды. Дәрігерлер мен қарапайым азаматтарға теракт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деді Ресей президенті.
Айта кетері, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған. Қаза тапқандардың саны 143 адамға жетті.
Последствия стрельбы в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
"Ақша алдым": Мәскеуде теракт жасады деген күдікпен ұсталғандардан жауап алынды
Жаңалықтар
0