https://sputnik.kz/20240322/ukrainanyn-birneshe-aymagynda-elektr-energiyasyn-tutynu-shekteldi-43127963.html
Украинаның бірнеше аймағында электр энергиясын тұтыну шектелді
Украинаның бірнеше аймағында электр энергиясын тұтыну шектелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Жұма күні Украинаның жеті облысында және ДХР аумағының Украина қарулы күштері бақылайтын бөлігінде электр энергиясын тұтыну... 22.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-22T18:00+0500
2024-03-22T18:00+0500
2024-03-22T18:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42696813_0:35:3072:1763_1920x0_80_0_0_aaf9e9974a4da778b4d1e82ce1599804.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Жұма күні Украинаның жеті облысында және ДХР аумағының Украина қарулы күштері бақылайтын бөлігінде электр энергиясын тұтыну шектелді, электр энергиясы көршілес үш елден импортталады, деп хабарлады "Укрэнерго" ұлттық энергетика компаниясы Telegram каналында.Жұма күні таңертең Украинаның энергетика министрлігі энергетикалық жүйеге жасалған шабуылдарды соңғы уақыттағы ең ірі шабуыл деп атады.Украинаның энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығын жою үшін Румыния, Словакия және Польшаның энергетика жүйелері қолданылатыны айтылған.Украинаның ДТЭК энергетика холдингі бұған дейін хабарлағанындай, жұма күні Украинада бірқатар ЖЭО-ға шабуыл жасалып, стансалардың жабдықтары айтарлықтай зақымданған. Жарылыстар Украинаның Ивано-Франковск, Хмельницкий, Винница, Львов облыстарында, сондай-ақ Киев, Харьков, Кривой Рог және Сумы қалаларында естілген. Украиналық БАҚ Одесса, Кривой Рог, Кировоград, Хмельницкий, Днепропетровск, Сумы және Полтава облыстарында электр қуатының ажыратылғаны туралы хабарлады.Сонымен қатар украиналық "Укргидроэнерго" компаниясы Украинаның бақылауындағы Запорожье қаласында орналасқан ДнепрГЭС пен бөгетке соққы жасалғанын, төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндірумен айналысып жатқанын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42696813_131:0:2862:2048_1920x0_80_0_0_426e4137027aaef16942abd7a82917e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Жұма күні Украинаның жеті облысында және ДХР аумағының Украина қарулы күштері бақылайтын бөлігінде электр энергиясын тұтыну шектелді, электр энергиясы көршілес үш елден импортталады, деп хабарлады "Укрэнерго" ұлттық энергетика компаниясы Telegram каналында.
Жұма күні таңертең Украинаның энергетика министрлігі энергетикалық жүйеге жасалған шабуылдарды соңғы уақыттағы ең ірі шабуыл деп атады.
"Төтенше жағдайда тоқтатылды. Электр энергиясын тұтынуды мына аудандарда шектеуге мәжбүрміз: Днепропетровск, Донецк, Кировоград, Одесса, Полтава, Сумы, Харьков", - делінген хабарламада.
Украинаның энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығын жою үшін Румыния, Словакия және Польшаның энергетика жүйелері қолданылатыны айтылған.
Украинаның ДТЭК энергетика холдингі бұған дейін хабарлағанындай, жұма күні Украинада бірқатар ЖЭО-ға шабуыл жасалып, стансалардың жабдықтары айтарлықтай зақымданған. Жарылыстар Украинаның Ивано-Франковск, Хмельницкий, Винница, Львов облыстарында, сондай-ақ Киев, Харьков, Кривой Рог және Сумы қалаларында естілген. Украиналық БАҚ Одесса, Кривой Рог, Кировоград, Хмельницкий, Днепропетровск, Сумы және Полтава облыстарында электр қуатының ажыратылғаны туралы хабарлады.
Сонымен қатар украиналық "Укргидроэнерго" компаниясы Украинаның бақылауындағы Запорожье қаласында орналасқан ДнепрГЭС пен бөгетке соққы жасалғанын, төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндірумен айналысып жатқанын хабарлады.