https://sputnik.kz/20240322/qazaqstan-quramasy-grekiyadan-zhenilip-qaldy-43118680.html
Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңіліп қалды
Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңіліп қалды
Sputnik Қазақстан
Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды 22.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-22T09:21+0500
2024-03-22T09:21+0500
2024-03-22T09:28+0500
спорт
футбол
https://sputnik.kz/img/07e8/03/16/43117867_0:144:1080:752_1920x0_80_0_0_57d2fada0fbe58a3f88767f80922345a.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды.21 наурызда Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалын өткізді. Матч 5:0 есебімен Грекия командасының жеңісімен аяқталды.Ойынның тоғызыншы минутында грек құрамасының капитаны Бакасетас пенальтиді орындап, алғашқы голды соқты.Қазақстандық футболшылардың өрескел қателігін ұтымды пайдаланған грек футболшысы Димитриос Пелькас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40-минутта қатарынан үш гол соқты. Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов өзінің қақпасына гол соғып алды.Енді Грекия құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында 26 наурызда Грузиямен ойнайды.Ал Қазақстан құрамасы бұл күні Ұлттар Лигасының жартылай финалында Грузияға есе жіберген Люксембург командасымен кездеседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/16/43117867_0:43:1080:853_1920x0_80_0_0_9e11b897ef72bd60bd23e80c84da891c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол
Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңіліп қалды
09:21 22.03.2024 (жаңартылды: 09:28 22.03.2024) Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды.
21 наурызда Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалын өткізді. Матч 5:0 есебімен Грекия командасының жеңісімен аяқталды.
Ойынның тоғызыншы минутында грек құрамасының капитаны Бакасетас пенальтиді орындап, алғашқы голды соқты.
Қазақстандық футболшылардың өрескел қателігін ұтымды пайдаланған грек футболшысы Димитриос Пелькас 15, Фотис Иоаннидис 37, Димитриос Курбелис 40-минутта қатарынан үш гол соқты. Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов өзінің қақпасына гол соғып алды.
Енді Грекия құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында 26 наурызда Грузиямен ойнайды.
Ал Қазақстан құрамасы бұл күні Ұлттар Лигасының жартылай финалында Грузияға есе жіберген Люксембург командасымен кездеседі.