Ертең елімізде "Жер сағаты" экологиялық акциясы өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевАкция "Час Земли" в Нур-Султане, 2022 год
Акция Час Земли в Нур-Султане, 2022 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Жазылу
Акция 15-ші рет өткізілгелі отыр
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстанда "Жер сағаты" экологиялық акциясы 15-ші рет өтеді.
"23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін елімізде "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы өткізіледі", - делінген экологиялық реттеу және бақылау комитетінің хабарламасында.
Бұл уақыт – әлемнің мыңдаған сәулет ғимараты мен ескерткіштерінің жарығы сөндіріліп, миллиондаған адамның жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіретін сәті.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде "Жер сағаты" ең ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп келеді.
Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символдық түрде өшіреді.
Жаңалықтар
0