Алматыда жеке үйдің ауласында үйінді топырақ опырылып құлады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы. Архивтегі фото
Алматы. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Жазылу
Алматы қаласы ТЖД және "Қазселденқорғау " қауіпті учаскелерде тұрғын үй салмауға шақырды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Алматыда жеке үйдің ауласында үйінді топырақ қатты ылғалдану салдарынан опырылып құлады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"22 наурызда Медеу ауданында жеке тұрғын үй учаскесінде қатты ылғалдану салдарынан үйінді топырақтың опырылып құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, үй иесі құтқарушыларға үйдің 2023 жылы салынғанын айтқан.
Балшық массасын аудан әкімдігі мен "Қазселденқорғау" күштері тазартты. Жолдар да тазартылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тау беткейіне үй салу, жолды кесу, тау беткейінде жоспарлау жұмыстарын жүргізу ұсынылмайтынын еске салды. Ағып жатқан кәріздерді, дәретханаларды және басқа нысандарды пайдалануға тыйым салынады.
"Тұрғын үй иелеріне, алап басшыларына, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына суару құбырлары мен септиктерге тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады. Судың жиналуына жол бермеңіз, сондай-ақ нөсер және еріген қар суын ағызып жіберу керек", - деп түйіндеді мамандар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Алматының тау бөктеріндегі шаңғы базасының маңында қар көшкіні жүрді
Жаңалықтар
0