https://sputnik.kz/20240321/til-erin-komey-isigi-psikhikanyn-buzyluy-dariger-nasybaydyn-ziyany-turaly-aytty-43063885.html
Тіл, ерін, көмей ісігі, психиканың бұзылуы: дәрігер насыбайдың зияны туралы айтты
Тіл, ерін, көмей ісігі, психиканың бұзылуы: дәрігер насыбайдың зияны туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Темекіден адамның өкпесі қатты зардап шексе, насыбай асқазан-ішек жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабығына кері әсер етеді 21.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-21T11:37+0500
2024-03-21T11:37+0500
2024-03-21T11:37+0500
дәрігер
https://sputnik.kz/img/143/95/1439551_0:70:1352:830_1920x0_80_0_0_67dfd8d9ed1a1f5c0119127834dbf557.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Астанадағы психикалық денсаулық орталығының дәрігері, психиатр-нарколог Анар Тастембекова насыбай адам өміріне қандай қауіп төндіретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Насыбайдың негізгі белсенді ингредиенті - темекі (табак). Сондықтан адам алдымен никотинге тәуелді бола бастайды. Сондай-ақ, насыбайдың құрамында темекі шаңы, сілті (сөндірілген әк), өсімдік күлі, өсімдік майы, тауық немесе түйе көңі, марихуана және басқа да ингредиенттер бар.Дәрігердің айтуынша, темекіден адамның өкпесі қатты зардап шексе, насыбай асқазан-ішек жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабығына кері әсер етеді."Насыбайды қолданудың басында асқазан-ішек жолынан ас қорыту жүйесінің бұзылуы және диарея пайда болады, ол көп ұзамай созылмалы түрге ауысады. Қоспаның құрамында түйе көңі немесе тауық көңі жиі кездесетіндіктен, көбінесе ішек инфекциялары жиналады немесе паразиттер жұғады. Мұндай жағдайларда көбінесе вирустық гепатиттер дамиды", - деді Тастембекова елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Ал насыбайды ұзақ уақыт қолданған жағдайда тіл, ерін, көмей ісігі, тістің бұзылуы, психиканың бұзылуы, ішкі ағзалардың аурулары және бедеулік сияқты ауыр зардаптар болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/143/95/1439551_75:0:1275:900_1920x0_80_0_0_d0a1a4d00ef7c00fee44cfab6b7b9682.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
Тіл, ерін, көмей ісігі, психиканың бұзылуы: дәрігер насыбайдың зияны туралы айтты
Темекіден адамның өкпесі қатты зардап шексе, насыбай асқазан-ішек жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабығына кері әсер етеді
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Астанадағы психикалық денсаулық орталығының дәрігері, психиатр-нарколог Анар Тастембекова насыбай адам өміріне қандай қауіп төндіретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Насыбайдың негізгі белсенді ингредиенті - темекі (табак). Сондықтан адам алдымен никотинге тәуелді бола бастайды. Сондай-ақ, насыбайдың құрамында темекі шаңы, сілті (сөндірілген әк), өсімдік күлі, өсімдік майы, тауық немесе түйе көңі, марихуана және басқа да ингредиенттер бар.
Дәрігердің айтуынша, темекіден адамның өкпесі қатты зардап шексе, насыбай асқазан-ішек жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабығына кері әсер етеді.
"Насыбайды қолданудың басында асқазан-ішек жолынан ас қорыту жүйесінің бұзылуы және диарея пайда болады, ол көп ұзамай созылмалы түрге ауысады. Қоспаның құрамында түйе көңі немесе тауық көңі жиі кездесетіндіктен, көбінесе ішек инфекциялары жиналады немесе паразиттер жұғады. Мұндай жағдайларда көбінесе вирустық гепатиттер дамиды", - деді Тастембекова елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал насыбайды ұзақ уақыт қолданған жағдайда тіл, ерін, көмей ісігі, тістің бұзылуы, психиканың бұзылуы, ішкі ағзалардың аурулары және бедеулік сияқты ауыр зардаптар болады.