Қазақстан мен Ресей ғарыштық зымыран кешенін құру жөніндегі бірлескен жобаны талқылады

© Sputnik/ Ляля ЛиловаВиды города Байконур
Виды города Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Жазылу
Бұл - ғарыш саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық аясындағы ең ірі жоба
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. РФ премьер-министрінің орынбасары – индустрия және сауда министрлігінің басшысы Денис Мантуров пен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр "Байқоңыр" кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысын өткізді.
Кездесуге қатысушылар "Союз-5" зымыран тасығышын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыруды талқылады. Бұл - ғарыш саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық аясындағы ең ірі жоба.
Сонымен қатар, "Байқоңыр" кешеніндегі туризмді дамыту жайы сөз болды. Осылайша, Қазақстанда әзірленген кешенді параметрлерді есскере отырып генерациялайтын онлайн платформа енгізіледі.
Онкологиялық диспансер - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Өңірлер
Жезқазғанда онкологиялық аурудың артуына "Байқоңыр" ғарыш айлағы себеп емес - талдау
Жаңалықтар
0